25.10.2026, 11:00
Оқылды: 10

«Кітап оқитын ұлт» республикалық марафоны аясында «Автормен кездесу» әдеби жобасы басталды

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Креативті индустрияларды дамыту қоры «Кітап оқитын ұлт» республикалық марафоны аясында «Автормен кездесу» жобасын бастады.

IMG_20261024_193602_453

Фото: madenietaqparat

Жобаның негізгі мақсаты – жастарға кітап оқу мәдениетін дәріптеу және отандық әдебиетке қызығушылығын арттыру. Бастама Мемлекет басшысының 2026 жылғы 16 мамырдағы «Кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығын іске асыруға бағытталған.

IMG_20261024_193612_145

Жобаның алғашқы қонағы – жазушы, драматург, Абай атындағы мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Роза Мұқанова. Қаламгермен кездесу елордадағы Qazaq Creative Hub алаңында өтті.

Кездесуге қатысушылар жазушының шығармашылығы мен қазіргі қазақ әдебиетінің даму үрдістері туралы пікір алмасты.

«Автормен кездесу» жобасы оқырман мен қаламгер арасында ашық әңгіме өрбітіп, отандық авторлардың шығармаларын кеңінен таныстыруға және жас буынды көркем әдебиетке баулуға мүмкіндік береді.

Аталмыш бастама кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру мақсатындағы «Кітап оқитын ұлт» марафонымен үндеседі.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале