29.10.2021, 9:35
Оқылды: 80

Классикалық  концертке келіңіз!

Туар айдың он алтыншы жаңасында опералық әнші Эльмира Усаева жеке концертін береді.

2

«Екі әлем – екі данышпан» деп аталатын классикалық музыка кешінде XVIII ғасырда өмір сүрген еуропалық қос композитор,  классикалық музыканың аса көрнекті өкілдері Гендель мен Вивальдидің шығармалары орындалады. Облыстық камералық оркестрдің (дирижері Никита Говоров)  сүйемелдеуімен өтетін концертте кеш қонағы ретінде Айбар Қайырханов пен Бейбарыс Зұлпықар да өнер көрсетеді.

16 қарашада «Атамекен» өнер ордасында кешкі сағат жетіде басталатын концерттің билетіне 8 701 347 74 88 телефоны арқылы күн ілгері тапсырыс бере аласыз.

zhaikpress.kz

Сурет: bing.com

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале