4.01.2023, 12:30
Оқылды: 198

Қоғамның дерті – ажырасу

Қоғам өркендеп, өзгерген сайын адамзаттың писхологиясы, құндылықтары мен көзқарастары өзгеруде. Бүгінгі күннің ащы шындығы, адамның бір-біріне  көзқарасының, қарым-қатынасының өзгеруіде бар. Біз, қазақ халқы  отбасы құндылықтарын бірінші орынға қойған елміз. Ата-бабалармыз «ажырасу» ұғымын мүлдем қолданбаған, бұл сөзді естіген адам үлкен күнә ретінде көрген.

7

Фото дереккөзі: syrlasu.kz

Ата-баба дәстүрін сақтағанымызбен, дініміз бен менталитетімізге жат нәрсе болғанымен, қазіргі таңда «ажырасу» ұғымы өте көп. Сот органдарына неке бұзуға арыз беретіндердің 70% нәзік жандылар болып отыр.  Себептері: тұрмыстық зомбылық, материалдық қиындықтар, жұмыссыздық, көзге шөп салу, ата-ананың екі жастың өміріне араласуы, жастардың үлкен өмірге ойланбастан дайындықсыз келуі, әйелдердің өз-өздерін  қамтамасыз ете алатындай дәрежеге жетуі және т.б.

Ажырасу – қазіргі қоғамда қалыпты жағдайға айналғаны өзекке өкініш ұялатады.

Дұрыс  құрылмаған қарым-қатынас тікелей өзімізге байланысты, яғни, себепкер өзіміз. Жастарымыз қызығушылықпен отбасын құрып, кейін үйленіп алған соң өмірлік көзқарастары өзге екенін байқап, қызуқанды шешім қабылдап жатады. Айталық, статистикалық көрсеткіш бойынша отбасылық кикілжің салдарынан дәм-тұздары жараспай, облысымызда  сот органдарына 2020 жылы 2350 неке бұзу туралы арыз түсіп,  оның 1538  некесі бұзылған,  ал 2021 жылы 2373 арыз түсіп, 1491 отбасының некесі бұзылған. Соңғы екі жылды салыстырсақ, неке бұзу көрсеткіші  күрт төмендеді.

Бұл  медиация тәртібімен атқарылған жұмыстардың нәтижесі мен жемісі. Қазақ халқы үшін бітімгершілік – билік айтудың ең озық өнегесі. Сотқа түскен неке бұзу туралы арыздың басым көпшілігі медиация рәсімімен қаралады. Мүліктік даулар,  баланы асырап  бағу, оның тұрғылықты мекен-жайын анықтау, ата-ана құқықтарын жүзеге асыру сияқты сұрақтар оң нәтижеге қол жеткізіп, медиатор арқылы шешіліп жатады. Алайда, отбасының тыныштығын сақтау екі жақтың да міндеті.  Осы жауапкершілікті сезіне отырып, ер де, айел де  бір-біріне рухани және  материалдық қолдау көрсетуі тиіс.

Еліміздың өркендеп гулденуі – отбасының беріктігіне де байланысты. Себебі, Еліміздің болашағы жастардың қолында. Бүгінгі таңда, қоғамымызда орын алып отырған  жастардың  ажырасып кетулерінің  алдын алған жөн. Себебі,бұл қылықтың ел  іргесіне қара сызат түсіретіні айдан анық. Сондай-ақ, жастардың ажырасуы халық санының өсуіне де ықпалы бар.

Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале