28.12.2022, 17:15
Оқылды: 50

Көкөніс алқаптары өссе де, баға түскен жоқ – министр түсініктеме берді

Биыл Қазақстанда көкөніс өсіретін алқаптар көлемі артты. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

9

«Биыл елімізде жылыжай көкөністері көбірек өндірілді, яғни қызанақ пен қиярдың көлемі артты. Осы көкөністердің көтерме бағасы негізінен 500-600 теңгеден аспайды, бұл кәсіпорындар беретін баға. Кейін сауда желілерінде бұған үстеме қосылады, сондай-ақ делдалдар де көбейіп кеткен. Бұл бағытта Үкімет тиісті жұмысты атқарып жатыр. Осы орайда делдалдарды шеттету жұмыстары ескерілген. Жыл сайын көкөніс өсіретін алқаптар ұлғайып келеді», - деді Е. Қарашөкеев Мәжілістегі баспасөз мәслихатында тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

Осы орайда ол не себепті кейбір көкөніс түрлерінің бағасы еселеп өскенін түсіндірді.

«Сауда желілерін аралаған кезде, олардың кейбіреуінде бағаның еселеп өскенін байқадық. Бұл тұрғыда екі мәселені ескеру керек. Біріншіден, бізге шекаралас мемлекеттерден келетін импорттық қызанақтар бар. Бұл өнім елімізге жеткізілгенде, делдалдар пайда болады. Ал елімізде өсірілген өнімнің бағасы көбіне 500-600 теңге. Бұл жерде Сауда министрлігімен бірге, сондай-ақ бақылаушы жергілікті атқарушы органдармен бірге осы үстеме бағаны бақылау қажет», - деді министр.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале