5.09.2020, 13:16
Оқылды: 138

«Қоқыс полигоны көшіріледі ме, әлде қоқыс өңдейтін зауыт салына ма?»

«ТДК-42» телеарнасында облыс әкімі Ғали Есқалиевтің қатысуымен тікелей эфирде өткен «Əкім сұхбаты» бағдарламасында әлеуметтік желі арқылы Зашаған кентінің тұрғыны «Биыл қоқыс полигоны көшіріледі ме, әлде қоқыс өңдейтін зауыт салына ма?» деген сауал жолдады.
Қоқыс

- Расында, биыл өткен жылдармен салыстырғанда қоқыстың өртенуі көп кездескен жоқ. Бұл ретте көп нәрсе тарифке байланысты. Биылдан бастап тариф өсті. Осы орайда полигон меңгерушілері қосымша техника алуға мүмкіндік тапты. Олар қоқысты реттейтін арнайы техниканы Еуропадан алдырды. Бұл әрине, уақытша шешім. Қазіргі полигон екі есе көп қалдықтарды қабылдады. Оны өңдеуге мүмкіндік жоқ. Жабуымыз керек.

Бүгінгі таңда арнайы жоба жасалуда. Жылдың соңына дейін бітуі тиіс. Келесі жылы полигонды толығымен жабуға қаражат бөлеміз. Сонымен қатар жаңа полигон ашуымыз керек. Сонда ғана күрделі мәселе шешімін табады, - дейді өңір басшысы Ғали Есқалиев.

 

Ертай Бимұханов,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале