23.10.2023, 17:45
Оқылды: 71

Көлік министрі БҚО-дағы жол мәселесіне қатысты. «Келесі жылы 245 шақырым жолдың жөндеуі толығымен аяқталады».

Казталов ауданына жұмыс сапарымен келген Қазақстан Республикасының Көлік министрі Марат Қарабаев «Казталов-Жәнібек» және «Өнеге-Бисен-Сайқын» бағытындағы республикалық маңызы бар жолдардың жөндеу жұмысының барысымен танысты. Марат Кәрімжанұлы құрылыс жүріп жатқан учаскелерге барып, жол құрылысына жауапты мердігерлермен кездесті.

км казталов (1)

Казталов, Бөкей ордасы және Жәнібек аудандарын облыс орталығымен байланыстыратын 245 шақырым жолды жөндеу Мемлекет басшысының тапсырмасымен 2019 жылы басталған болатын. Аталған бағыттағы жолдың жөндеу жұмысының барысы туралы Марат Қарабаев былай деді:

- Үкіметтің деңгейінде Батыс Қазақстан облысындағы жолдары тиісті қолдау тауып жатыр. Биыл облыстағы жалпы қанағаттанарлық және жақсы жолдардың көлемі 46 пайыздан 52 пайызға өсуге тиіс. Өздеріңіз білесіздер, мұндағы Республикадан қаржы бөлініп атқарылып жатқан жол – «Казталов-Жәнібек» бағытындағы жол. Бұл бағыттағы 142 шақырымның 4,5 шақырымында қозғалыс әлі берілген жоқ. Жыл соңына дейін төменгі қабатының асфальтін толығымен төсеп, бүкіл 142 шақырымы да пайдалануға беріледі. Ал келесі жылы бұл жақта жол толығымен іске қосылады. Екінші жол – «Өнеге-Бисен-Сайқын» жолы. Бұл жақтағы жол ұзындығы - 103 шақырым болса, 17,5 шақырымы мәселе тудырып тұр. Мердігер компанияның алдына қойып отырған талабымыз жылдың соңына дейін жұмысты толығымен бітіру, яғни қозғалысты қамтамасыз ету. Биыл жалпы алып қарағанда 245 шақырым жолдың 120 шақырымында көліктүр жүріп жатыр. Келесі жылы 245 шақырым жолдың жөндеуі толығымен аяқталып және оны күтіп ұстау үшін тиісті база салу мәселесі шешіледі. Қазіргі бұдан әрі қойып отырған мақсат Хан Ордасына барып ондағы қалып қойған 21 шақырымды өз көзімізбен көріп, келесі жылға сол жақтың жолын бітіру үшін тиісті жұмысты әзірлеуді жоспарлап отырмыз, - деді министр.

км казталов (2)

Мердігерлермен кездесу барысында Көлік министрі ел Президенті аталған жол учаскелерін қайта жаңарту жобасына ерекше назар аударып отырғанын атап өтіп, трассаны пайдалануға берудің жоспарланған мерзіміне жету үшін құрылыс қарқынын төмендетпеуді тапсырды.

км казталов (3)

 

Жансая Жұмажанқызы,

Казталов ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале