14.01.2021, 9:01
Оқылды: 99

Коронавирус: 2 облыс «қызыл», 6 өңірі «сары» аймақта тұр

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі 14 қаңтардағы ел өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады.

Вир

Кеше, яғни 13 қаңтарда «қызыл» аймақта Ақмола мен Қостанай облысы болған еді. Бүгінгі матрица осы екі облыспен қатар, «қызыл» және «сары» аймақтың ортасында Нұр-Сұлтан тұрғанын көрсетіп тұр.

«Сары» аймақта елордамен бірге Алматы қаласы және Атырау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан облыстары бар.

Қалған өңірлердің барлығы - «жасыл» аймақта.

Жалпы Қазақстан аумағы коронавирус бойынша «сары» аймақтан шықпай тұр.

inform.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале