26.10.2023, 12:00
Оқылды: 80

Қос әріптес мемлекеттік марапатқа ие болды

Астанада орталық сайлау комиссиясында Республика күніне арналған салтанатты жиын өтті. Жиында БҚО аумақтық сайлау комиссиясының мүшелері марапатталды.

accf50c4-f1bc-4a9c-aa9b-90bde0719b77

Басқосуған барлық өңірден аумақтық, аудандық, округтік және учаскелік сайлау комиссияларының өкілдері шақырылды.

Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров әріптестерін Республика күнімен құттықтап, маладағы түбегейлі өзгерістерді атап өтіп, өткізілген саяси науқандардың терең мазмұнына тоқталды.

Еліміздің сайлау жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін сайлау органдарының бірқатар қызметкеріне мемлекеттік наградаларды табыс етті.

f3caa75f-e596-45f9-ad5b-3409a04f616d

Награда алғандардың қатарында батысқазақстандықтар да бар. БҚО аумақтық сайлау комиссиясының хатшысы Күнсәуле Аралбекова «Ерен еңбегі үшін» медалімен, ал Тасқала аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Асқар Нұрмақов Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен марапатталды.

Күнсәуле Айсағалиқызы мен Асқар Ғабдырахимұлы сайлау жүйесінде ондаған жылдан бері жемісті еңбек етеді.

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале