Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің бастамасымен Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия мүшелерінің «Көшім арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығына» жұмыс сапары ұйымдастырылды.

Сапардың мақсаты – ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған мекемеде инклюзияны іске асыру жағдайлары мен сапасын, кешенді қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелерін зерделеу, өзекті проблемаларды анықтау және оларды шешу бойынша бірлескен ұсыныстар әзірлеу. Сонымен қатар санитариялық-гигиеналық қауіпсіздік, жазатайым оқиғалардың алдын алу, тамақтандыруды ұйымдастыру және өзге де маңызды мәселелерге баса назар аударылды.

Көшім орталығының ұжымымен өткен кездесуге облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының, бала құқықтарын қорғау, денсаулық сақтау салаларының өкілдері, облыс әкімдігінің, Бәйтерек ауданы әкімдігінің, Көшім ауылдық округі әкімдігінің мемлекеттік қызметкерлері Қазақстан Республикасы Адам құқықтары жөніндегі уәкілінің Батыс Қазақстан облысы бойынша өкілі, өңірдегі Бала құқықтары жөніндегі уәкіл, Бәйтерек ауданының Отбасын қолдау орталығының басшысы, «БҚО мүгедектердің ерікті қоғамы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы және басқа да мүдделі тұлғалар қатысты.
Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар балалардың қауіпсіздігі – әрбір мекеменің және осы үдеріске қатысатын барлық тұлғаның басты міндеттерінің бірі деген ортақ пікірге келді.

Бұл ретте салааралық өзара іс-қимыл мен әр тараптың жауапкершілік ұстанымы ерекше маңызға ие екені атап өтілді. Дамуында ерекше қажеттіліктері бар балаларға айрықша көңіл бөлу қажет, өйткені олар қосымша көмек пен қолдауды қажет етеді.
Сондай-ақ қатысушылар дамуында ерекше қажеттіліктері бар балаларды кешенді қолдау мәселелері бойынша еліміздің заңнамасына енгізілетін өзгерістерден күтетін нәтижелерімен бөлісті.
БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі