Невролог Пабло Ферреро күндіз ұзақ ұйықтаудың қажеті жоқ екенін айтты. Алайда бұл әдетке айналса, маман күндізгі ұйқының қанша уақытқа созылғаны дұрыс екенін La Nacionбасылымына берген сұхбатында түсіндірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Фото: istockphoto.com
"Егер күндіз көз шырымын алу күнделікті әдетіңізге айналса, ұйқыңыздың ұзаққа созылмағаны жөн", – деді Ферреро.
Осы уақыт ішінде адам тынығып, күш-қуатын қалпына келтіріп үлгереді. Сонымен қатар, терең ұйқыға кетпейтіндіктен, ояну да жеңіл болады. Ал терең ұйқыға кеткен адамға сергіп, қайта қалыпқа келу қиындай түседі.
Дегенмен дәрігер күндізгі ұйқы апта бойы жиналған шаршауды толық баса алмайтынын ескертті. Мәселен, демалыс күндері бірнеше сағат бойы ұйықтау ағзаның биологиялық ырғағын одан әрі бұзуы мүмкін.
Сондықтан маман күндіз ұзақ ұйықтағаннан гөрі, аз уақыт көз шырымын алуға кеңес береді.