4.05.2021, 8:49
Оқылды: 242

Құрметті Ұлы Отан соғысының ардагерлері!  

Қадірлі жерлестер!

Сіздерді Ұлы мейрам – Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын! 1945 жылдың 9 мамыры – ұрпақ үшін Отанға деген адалдықтың, халқымыздың бірлігі мен асқан батырлық нышанына айналған атаулы күн.

281BBD20-1A63-46A3-A793-1F0365A9F62D

Сол күні шайқас алаңында қаза болғандарды, тылда маңдай терін төккендерді, соғыс жылдарынан кейін елді дамытуға үлес қосқандарды және бүгінгі күнді көруді тағдыр жазбағандарды  құрметпен еске аламыз. Ғұмыр белестерін бағындырғандар үшін уақыт желдей жүйткіп өтіп жатыр. Мың тағзым сіздерге, жеңімпаздар ұрпағы! Сіз өзіңіздің әскери әрі азаматтық ерлігіңіз және еңбек жолындағы жанқиярлығыңыздың арқасында әлемдік тарихта Жеңіс жалауы желбірегені туралы жазылуына үлес қостыңыз! Бәріміз сіздің алдыңызда мәңгі қарыздармыз және бақуатты ғұмыр кешуіңіз үшін қолымыздан келгенін жасаймыз. Мемл екет жоғары деңгейде әлеуметтік қорғау кепілдігін ұсынады, біздің қоғам әр ардагерді аялап, қамқорлауға, мейірім  шуағын  төгуге  мейлінше көңіл бөлуде.

Қадірлі жерлестер!

Аға ұрпақтың жауынгерлік ерлік пен өлшеусіз еңбек жолына лайық бола білуіміз керек. Сондықтан 45-те ие болған нағыз құндылықтарды – бейбітшілік пен еркіндік тынысын және ұлы еліміздің егемендігін сақтай білуіміз керек. Жеңіс мерекесі ынтымағымыздың нығая беруіне, мемлекетіміздің қуаты арта түсуіне себепші бола берсін. Отан игілігі болатын табыстың молаюын, зеңгір көк әрдайым күн шұғыласына бөленуін тілейміз.

 «Агран» ЖШС-ның ұжымы атынан кәсіпорын директоры Василий  Балакирев

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале