6.02.2024, 17:41
Оқылды: 59

Қымыз Лондон көрмесінде

Қазақтың қымызы туралы алғаш рет медицина ғылымында саралап қорытынды жасаған ғалымның бірі - ағылшындық дәрігер Джордж Каррик екен.

жп дала

Көрнекі фото

Санк-Петербургтегі Ұлыбритания елшілігінің дәрігері, медицина ғылымдарының докторы Джордж Каррик «Қымызды өкпе көкжөтелі мен басқа да ауыр науқастарға пайдалану туралы» тамаша кітабында қазақ қымызына ерекше тоқталады.

Ол алғаш рет 1886 жылы Лондонда ұйымдастырылған халықаралық көрмеге қазақтың қымызын алып барып ағылшындарды қымыз және оның қасиеттерімен таныстырады.

Ғалым: «...Көктем қырғыздар үшін мереке. Ерте құлындаған биелер сүтті селдей ағызады. Оның қымызын көшпенділердің ері де, әйелі де, бала демей, кәрі демей, түгел ішеді, көп ішеді. Олар көбіне саумал ішпейді, ашытып ішеді. Қымыз дегеніміздің өзі осы, биенің ашыған сүті. Қыстан арып-ашып шыққан көшпендінің өзі де аққа ауыздары тиісімен қайта сергіп, беттеріне қызыл жүгіретін. Тез арада әл жиып, екі беті алмадай құлпыра бастағаны қымыздың әсері... Қымызды алғаш ішкен адамның бет-пішінін көрудің өзі қызық» деп жазады.

 

Зұлқожа Шарафутдинов,

zhaikpress.kz

 («Қазақтар». Энциклопедиялық анықтамалы. А. 2003 жыл)

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале