26.12.2022, 16:30
Оқылды: 61

Қытайда коронавирус қайта өршіді

 25 желтоқсанда Қытайдың Чжэцзян провинциясында бір тәулікте миллион адам коронавирус инфекциясын жұқтырды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі  Reuters басылымына сілтеме жасап. 

WhatsApp Image 2022-12-26 at 15.52.28

Қытайдың ұлттық денсаулық сақтау комиссиясы (NHC) Сovid-19 туралы күнделікті деректерді жариялауды тоқтатты. Комиссияның жабық отырысының хаттамасында короновирустан қанша адамның қаза болғаны жазылмаған.

Деректерге сәйкес вирустың жылдам тарауы Қытай билігінің карантин шектеулерін азайтуымен байланысты болуы мүмкін. Желтоқсан айының басында коронавирустың өршуі кезінде ПЦР сынағы тоқтатылды және бір аймақтан екінші аймаққа баруға рұқсат етілді. Қараша айының соңында елде коронавирустық шектеулерге қарсы жаппай наразылық акциялары басталғаннан кейін билік бұл қадамға барды.

Ұлыбританияның Аirfinity зерттеу компаниясы Қытайда күн сайын миллионнан астам адам коронавирус жұқтырып, 5 мыңға жуық адам инфекциядан қайтыс болды деп есептеді.

Басылым мәліметінше, Қытай бюджетінің тапшылығы рекордтық деңгейге жетті.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале