20.06.2026, 15:00
Оқылды: 53

Қызыл кітапқа енген балықты аулағандар әшкереленді

Шығыс Қазақстан облысы Марқакөл ауданында полицияның ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы мен ҰҚК департаменті бірлесіп ауқымды операция жүргізді, деп хабарлайды ҚР ІІМ баспасөз қызметі.

_gluster_2026_6_19_500f05ee2629f55265d39ef01111a840_1280x720

Фото: gov.kz

Жедел іс-шаралар нәтижесінде қорық аумағында Қызыл кітапқа енгізілген балық түрлерін заңсыз аулаумен айналысқан алты адамнан құралған қылмыстық топтың жолы кесілді. Күдіктілер — 23 пен 50 жас аралығындағы жергілікті тұрғындар.

Марқакөл және Урунхайка ауылдарында жүргізілген тінту барысында олардан бағалы балық түрлерінің, соның ішінде ускуч пен хариустың 700 келіден астам еті, сондай-ақ 200 литрден астам ускуч уылдырығы тәркіленді. Бұдан бөлек күдіктілерден тыйым салынған аулар, радиостансалар мен оқ-дәрілер табылды.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, сот санкциясымен күдіктілер үйқамаққа алынды. Қазіргі уақытта қылмыстың барлық мән-жайын анықтау мен заңсыз өнімді өткізу арналарын белгілеуге бағытталған тергеу шаралары жүріп жатыр.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале