27.05.2021, 23:00
Оқылды: 326

Майдан газетіндегі машақат

Екінші дүниежүзілік соғыс 1941 жылы Ұлы Отан соғысына ұласып, бүкіл Кеңес одағы «Бәрі де майдан үшін, бәрі де жеңіс үшін» деген ұранмен өмір сүрді. Сол жылдары ұрыс даласындағы жауынгерлерді жігерлендіріп, ақпарат тарату үшін майдан газеттері шыға бастады. «Майдан газеттері» деген атауға ие болған мұндай басылымдар мен жауынгерлік парақтар сол кездегі одақтың бірнеше тілінде жарық көрді. Соның ішінде қазақ тілінде шыққан газеттердің саны 20-ға жуықтапты.

«Ұлы Отан соғысы жылдарында КСРО Қарулы күштерінде төрт орталық, 19 майдандық және флоттық, 103 армиялық газет, ал ұлттар тілінде 50 газет шығып тұрды. Оның ішінде қазақ тілінде 10 майдандық, үш дивизиялық, бір округтік газет жарық көрді» деп жазады тарих ғылымдарының докторы, профессор Тілеу Көлбаев «Майдандағы қазақ газеттерінің шежіресі» деген еңбегінде.

dd0b6f5c5d8b46d00f71fb9bac0a55b5

Толығырақ облыстық «Орал өңірі» газетінің 2021 жылғы 28 мамырдағы №43 санындағы танымал журналист Қазбек Құттымұратұлының «Майдан газетіндегі машақат» атты мақаласынан оқи аласыздар!

 

zhaikpress

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале