5.01.2020, 16:07
Оқылды: 71

Мал ұрлағандардың жазасы күшейтілді

Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық, қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру және жеке адам құқықтарының қорғалуын күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы"да заңға қол қойды.

sot

Мал ұрлайтындардың да жазасы осы заңда күшейтілген. Бас прокурордың орынбасары Марат Ахметжановтың айтуынша, статистика бойынша ұрлық бойынша істердің көбі татуласумен аяқталады. Енді бұл қылмыста "теріс қылық" пен "орташа ауыр қылмыс" деген анықтама болмайды. Жаңа заң жобасында қомақты айыппұл мен 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Ал ірі мөлшерде адамдар тобымен алдын ала сөз байласып жасалса, 7 жылға дейінгі жаза тағайындалады. Бірнеше рет бұзып кіргені үшін – 10 жыл, аса ірі көлемде және қылмыстық топ болып ұрлық жасаса, 12 жыл бас бостандығынан айыру көзделген.

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagr am-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале