Аруларға құрмет көрсетілді
6 Наурыз 2021

Аруларға құрмет көрсетілді

Испанияға апарар жол...
5 Наурыз 2021

Испанияға апарар жол...

Шыңғырлау ауданы әкімі мереке иелерімен кездесті
5 Наурыз 2021

Шыңғырлау ауданы әкімі мереке иелерімен кездесті

Игі істер жалғасын табуда
5 Наурыз 2021

Игі істер жалғасын табуда

Оралда АХАТ-тың жүз жылдығына орай мерейтойлық шара өтті
5 Наурыз 2021

Оралда АХАТ-тың жүз жылдығына орай мерейтойлық шара өтті

Инвестициялық жобалар жандана түседі
5 Наурыз 2021

Инвестициялық жобалар жандана түседі

21.01.2021, 15:32
Оқылды: 150
Мәңгілік тақырыпқа диалог

ҚР білім беру саласының құрметті қызметкері, ұстаз, жұбантанушы, айтыскер ақын, Ақжайық ауданының құрметті азаматы  Үзілдік Елеубаева мен ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері, Ы.Алтынсарин белгісінің, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, ҚР мәдениет саласының үздігі, ҚР Жазушылар одағының мүшесі, Казталов ауданының құрметті азаматы, ақын Дариға Мұштанованың диалогын назарларыңызға ұсынамыз.

731E7486-96F7-4C10-B78C-A426ADCFA57C

Д. М.: – Үзікен-ау,  біз де ардагер атанып, алдыңғы буын ағалардың қатарына қосылдық. Әңгімелесе  қалсақ, айтарымыз көп. Пікірлесе қалсақ, ойымыз бір жерден шығады. Оның ішінде тақырып алуан, қамтылар сала көп. Қоғам. Әлеуметтік жағдай. Өнер. Білім. Бүгінгі тақырып мамандығымыз бойынша еңбек еткен, маңдай теріміз сіңген, қуанышын да, қиындығын да бастан кешкен білім саласы болсыншы.

“Басы – бұлақ, аяғы – теңіз” бұл  саланың қай жағынан бастап айтарыңды да білмейсің. Оқу-ағарту ісі тұтас бір дене болса,  оның да қай жері ауырса, жаны сол жерінде. Ем болғың келеді. Емдегің келеді. Қай жағынан келеріңді білмейсің.  Мұңайып қана қарап отыратын болдық осы күні.  Мамандығың мұғалім болғасын айналаңа аңдай қарап,  адамдарды  “5”  балдық жүйемен бағалап қойып жүретінің бар кейде.  Психологиялық талдау да жасап қоясың. Қызық, терең де тылсым мамандық қой негізі педагог деген.

Мына қоғам тынысына, өзгерістерге, жетістікке де, олқылыққа да мұғалімнің қатысы бар. Көп қатысы бар және. Оны түсіну үшін алысқа бармай-ақ өз балалығыңды есіңе түсіре қойсаң болғаны. Енді ұстазсыз өміріңді елестетіп көр!

Ұстаздың да ұстазы бар, әрине. Мұғалімнен жолы болған адам – өмірде жолы болған адам. Мен сол  жолы болған адаммын. Жүректерінен жылу алып өстім ұстаздарымның біліммен бірге. Ерекше адамдар болып көрінетін олар бала кезімде менің көзіме. Әлі солай. Тұлғалары биіктей береді алыстаған сайын. Сондай тұлғаларды іздеймін де жүремін бүгінгі әріптестер арасынан. Тапсам, қуанамын. Көбіне таба алмай жүремін бірақ. Азайып бара жатыр десем, “үлкен кісінің гөйгөйі” деп жас әріптестерім қолдарын бір-ақ сілтер ме екен?

“Ұстаз мәртебесі”, беделі, орны, рөлі деген  проблемалардың тұнып тұрғаны рас қой бірақ. Оны қайда жібереміз?

Ү. Е.: – Дариға, оқу-білім, мектеп, мұғалім, бала тәрбиесі дегенде қай кезде де қоғамның ең жанды жеріне тиетіні белгілі ғой. Біз оқыған кезде мектептерде,  мектебім не жалпы ауыл-аймақта,  қоғамда темірдей тәртіп болды емес пе?!  Соғыстан аман оралған ағалар сабақ берді. Мұғалімдердің көбі ер адамдар еді. Мұғалімнің төбесі көрінгеннен тұра қалып жол беру шәкірт атаулының мызғымас этикасы болатын. Ұл балалар бас киімдерін шешіп, қолдарына ұстап тұрады тағы. Бұл тәртіпті мұғалімдердің өздері талап етпейді, о баста үйдегі ата-ана, үлкендердің айтуы, үйретуі солай. Ұстаздан ықылас,  шәкірттен  ілтипат  тарататын жазылмаған әдемі заң іспетті салт еді. Үлкен кісіге сәлем беру (танымасаң да!), жолын кесіп өтпеу, ер адамның жолын кеспеу, сөзін бөлмеу, тұрып орын беру, бұрылып қолғабыс тигізе жүру сияқты қадау-қадау тәртіп  талаптарын, тәрбие нышандарын баланың санасына құйып тастайтын мектепте ұстаз, үйде үлкендер қақсап айтып отыратын.

Адамды қадірлеуден, тіршіліктің бағасын білуден өмірдің өзі сабақ беріп тастаған сияқты біздің әке-аға буынға. Ал  біз солардан тәлім алып өстік.

Ауыл мектебінде мұғалім болу әскери қызметте жүргенмен бірдей еді ғой. Үй, мектеп, қоғамдық жұмыс... Бәріне қалай ғана үлгеріп жүрдік екен. Сонда сабақтың сапасы мен бір минутына кесел келтірмейміз. Категория қорғау үшін қанша жерді аралап жүріп, сабақ бергенім есіме түссе!..

Қазір психология бөлек. Ұстаздар марапат, мадақ қуып кетті. Талап солай. Жүйе өзгерген. Бір қызығы, адамның көзқарас, қарым-қатынасы да сол жүйеге қарай құбылып отырады екен ғой. Олай болады деп кім ойлаған?!

Тәрбие-тәлім жайына қалды ма,  жолымызды кесіп өтіп бара жатқан жас қыздарға да, қоғамдық орында үлкен кісіні тұрғызып қойып, жалпиып отырған жігіттерге де көз үйренді.

Мүмкін, осының бәрі ұстаз тұлғасының аласаруынан болып жатқан шығар. Шәкіртін көріп, ұстазын танитын, ұстазын көріп, мектебіне,  ұжымына қарап басшысына баға беретін адамдармыз ғой. Жақсысы да бар. Жамандары да жоқ емес.

Д. М.: – Сауаттылық  деген шама бар еді. Сол шама шамаланып бара ма деп қорқатыным бар менің. Әсіресе, әлеуметтік желіде кей мұғалімдердің қате жазғанын  көргенде шошып та, ұялып та қаламын. Сол қате шәкірттерге “майдай жұғады”. Бала кезден бір сіңіп қалған қате өмірі түзелмейді және. Сол жерден соғады да тұрады.

Неден бұлай болдық?  Неғып ұстаздар сапына сауатсыздық еніп барады мысықтабандап? Қашан? Қалай?

Меніңше, бұл жерде ақылы оқудың зардабын тартып отырмыз.  Жоғары білім алуға, яғни оқуға сынақ тапсыруға  адамның  қабілеті емес, қалтасы түскен жерде қандай сапа болмақ?! Кадр жетіспеушілігін шешеміз деп жүріп, осындай кері нәтижеге тап болдық. Айтуға ұят. Бір қате бір қатені тудырады. Мадақ, марапат сатып алу,  ақылы олимпиада, конкурстар және т. б.  бұрын-соңды болмаған “жаңалықтардың” жауыннан кейінгі саңырауқұлақтай қаптап өсіп, бой бермей кеткені де содан ба деп шамалаймын.

Бала – саналы  адам. Оның үстіне бүгінгі интернет заманының “жетібас” баласы баға алып қана емес, баға беріп те отырады  мұғалімге.  Өрелі-өнегелі, деңгейлі,  білімді ұстаздан дәріс алғысы келеді. Мектеп таңдайды. Сол талапқа сай мамандарды қайдан, қалай табу мәселесі де күйіп тұр. Ол анау-мынау “портфолио”,  мадақ, марапатпен түгенделмейді және. Тұлғалық қадір-қасиеті бар ұрпақ өсіруден басталады, сірә. Жалаң сөз,  жалақтаған мінез, жалт-жұлт еткен алдамшы сыртқы бояу емес, ішкі жан байлығы болуы керек ұстазда.

Бұл – мәңгілік тақырып. Ұзақ айтсаң, жалықтырып, қатты айтсаң, қамықтырып жіберетіні де бар және. Қалған әңгімені келесіде жалғастырармыз. Көңілдірек нотада аяқтау үшін мұғалім өмірінде кездесіп қалып жататын бірер қызықтан сый тарталық оқырманға.

Ү. Е.: – Болады. Мектеп деген думан ғой. Кешкі мектеп деген бар.  Орта білім береміз әртүрлі жағдайлармен кезінде оқи алмай қалған ересектерге.

Ауданнан комиссия келіп қалды кешкі мектептің емтиханына қатысуға. Не істейміз? Шаруашылықтың әр саласында жүрген  «қарт» шәкірттерімізді жан-жақтан алдырып, сынақ өткізуге кірістік. Бір ағай трактормен жер жыртып жүрген жерінен тіке келіп, класқа топ ете түскен.  Отыр артқы партада. Саусағының ұшымен ымдап мені қасына шақырады. Мен – емтихан  алушы мұғаліммін. Он бір адам комиссия самсап отыр тақта жақта. Қасына барсам, билетті көрсетеді.  Оқимын. “Абайдың “Шегіртке мен құмырсқа” мысалына талдау жаса” деген тапсырма екен. Ағайдың маңдайынан тер олай да,  бұлай да кеткен. Қос орамалмен  ерсілі-қарсылы сүртіп,  қысылып отыр.  “Мынау қай Абай?” дейді сыбырлап. Сыбырлағаны күбірлегенмен бірдей.  “Абай ғой, аға кәдімгі-ше!”  деймін  абдырап. “Кәдімгі болғанда, Құнанбайдың Абайы ма?” “Иә..."

Ағам дал. “Ұлы Абай, дана Абай деп жүрген ақындарың құмырсқа мен шегірткені жазып жүр ме сонда?” дейді шәкіртім көңілі толмай.

Сынақтан соң ғана күлуге жайымыз келді.

...Тағы да кешкі мектеп. Емтихан. Бұл жолы шығарма жазу жүріп жатыр. Төрт сағат уақыт беріледі. Ішінде өзімнің ағам бар.  Ол енді кітапты көп оқиды. Шығарманы қатырар деп сенімді отырмын.  Оның үстіне  тақырып “Ыбырай Алтынсарин өлеңдерінің тәрбиелік мәні туралы.”

Ағамның бұл өлеңдерді жатқа соғып жүретінін білемін.

Уақыт бітті. Емтихан парақтарын жинап алып, тексеруге кірістік.  Ағамның жұмысын қолыма алып ашып қалсам, төрт-ақ  сөйлем тұр қаластырып  қойған.

“Ыбекең марқұмның өлеңдері көп қой. Қайсыбірін айтайын. Шетінен керемет. Оның бәрін жазуға  бет жетпейді.”

Болды. Мәселе сонымен бітті.  Жұмыстан шаршап келіп, жазуға ерініп қалған шамасы.

Сондай-сондай қызықтар...

zhaikpress.kz

Ұқсас жаңалықтар Басқа да жаңалықтар
Ғибратты ғұмыр иесі

Ғибратты ғұмыр иесі

26.02.2021, 12:15

Ұлағатты ұстаздың дара жолы

Ұлағатты ұстаздың дара жолы

24.02.2021, 17:43

«Алғашқы ұстаздың» орыны – алда

«Алғашқы ұстаздың» орыны – алда

9.02.2021, 16:34

Трекин мектебіндегі ең алғашқы қазақ сыныбын ашқан ұстаз

Трекин мектебіндегі ең алғашқы қазақ сыныбын ашқан ұстаз

5.02.2021, 16:15

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында білім саласында қандай жұмыстар атқарылды?

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында білім саласында қандай жұмыстар атқарылды?

4.02.2021, 15:40

 Мектепке смартфон әкелуге тыйым салынғаны рас па?

 Мектепке смартфон әкелуге тыйым салынғаны рас па?

12.01.2021, 15:24

Батысқазақстандық қос ұстаз үздік атанды

Батысқазақстандық қос ұстаз үздік атанды

2.10.2020, 14:39

ҚР БҒМ Мұғалімдер күні қарсаңында Қазақстандағы үздік ұстаздарды анықтайды

ҚР БҒМ Мұғалімдер күні қарсаңында Қазақстандағы үздік ұстаздарды анықтайды

2.10.2020, 9:10

Білім министрлігі ұстаздарға видеоқұттықтау жолдауға үндеді

Білім министрлігі ұстаздарға видеоқұттықтау жолдауға үндеді

1.10.2020, 14:52

Білім министрлігі демалыс және төтенше жағдай кезінде оқушыларға қажетті білім беру ресурстарын жариялады

Білім министрлігі демалыс және төтенше жағдай кезінде оқушыларға қажетті білім беру ресурстарын жариялады

19.03.2020, 15:57

Оралда «БатысБілімTalks» жобасының V сессиясы өтті

Оралда «БатысБілімTalks» жобасының V сессиясы өтті

21.01.2019, 19:16

Облыстың бас ұстазы әріптестерін құттықтады

Облыстың бас ұстазы әріптестерін құттықтады

4.10.2018, 18:35

Ұстаз – ұлт ұстыны

Ұстаз – ұлт ұстыны

4.10.2018, 12:46

Қазақша оқығанның  қадірі төмен бе?

Қазақша оқығанның қадірі төмен бе?

13.09.2018, 10:30

Әлеуметтік желілерде отыратын оқушыларға мониторинг жүргізіледі

Әлеуметтік желілерде отыратын оқушыларға мониторинг жүргізіледі

12.04.2018, 18:42