11.02.2021, 14:34
Оқылды: 101

Медиа саласы мамандарының біліктілігін арттыру арнайы жоспарға сай жүзеге асады

Білім беру процесін жүйелеу, сала мамандарының кәсіби деңгейі мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі 2020 жылы медиа саласы мамандарын оқытудың 2020-2021 жылдарға арналған арнайы жоспарын бекітті.

D5DD6494-0CF7-47A8-9907-14EC367737A3

Арнайы жоспар 5 негізгі бөлімнен тұрады және мамандарды оқыту, мамандарды қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру, шетелдік тағылымдамалар мен курстарды ұйымдастыру, халықтың медиасауаттылығын қалыптастыру және баспасөз қызметі жұмысының тиімділігін арттыру мәселелерін қамтиды.

Арнайы жоспар «Медиа дамыту қоры» КҚ-мен, мемлекеттік және коммерциялық БАҚ-пен, жоғары оқу орындарымен және ҮЕҰ-мен бірлесе отырып, іске асырылатын болады.

2020 жылы Арнайы жоспар шеңберінде бірнеше іс-шара жүзеге асырылды, атап айтқанда:

- медицина, дін және экология салаларында маманданған журналистерді оқыту мақсатында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетімен, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетімен және С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетімен меморандумдарға қол қойылды;

- гранттық жоба аясында 912 журналист оқыту курстарынан өтті;

- Astana media week қазақстандық медиа апта шеңберінде Өңірлік БАҚ форумы, баспасөз хатшыларына мен баспасөз қызметі қызметкерлеріне, сондай-ақ БАҚ өкілдеріне арналған семинар-тренингтер өтті.

Ағымдағы жылы Арнайы жоспар аясындағы жұмыс жалғасын табатын болады.

Жоғары оқу орындарымен бірлесе отырып, білім беру бағдарламаларын қайта қарау және жетілдіру, салалық журналистерге арналған оқыту курстарын ұйымдастыру, танымал отандық журналистерді тарта отырып, жоғары оқу орындарының профессор-оқытушы құрамы үшін оқыту курстарын өткізу жоспарлануда.

Сала мамандары үшін шетелдік тағылымдамалар өткізу, Astana media week қазақстандық медиа апта шеңберінде белгілі әлемдік журналистерді, медиа тренерлерді тарта отырып, дәрістер мен шеберлік сыныптарын ұйымдастыру және басқа да іс-шаралар көзделген.

Сонымен қатар баспасөз хатшылары және баспасөз қызметі қызметкерлері үшін де Astana media week қазақстандық медиа апта шеңберінде, «Медиа дамыту қоры» КҚ алаңында және Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында біліктілікті арттыру курстары қарастырылған.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале