22.02.2023, 18:04
Оқылды: 598

Медиахолдингтің мерейтойы: мерекелік кеш жалғасын табуда

«Жайық Пресс» медиахолдингінің 20 жылдығына арналған мерекелік кеш жалғасын табуда.

Бүгінде өңірлік басылымдар отандық медианы дамытуға айтулы үлес қосып келеді.

IMG-20230222-WA0216

 

Бір сөзбен айтқанда облыстық-аудандық газеттер жергілікті жұрт үшін идеологиялық шамшырақ. 105 жылдан астам тарихы бар Батыс Қазақстан облыстық «Орал өңірі» мен «Приуралье» газеттері және аудандық басылымдар Президенттің  саясатын қалың бұқараға, ал халықтың орынды талап-тілегін, өкпе-ренішін билік өкілдеріне жеткізу жолында жылдар бойы қалтқысыз қызмет атқарып келеді.

IMG-20230222-WA0223

 

Қос газет талай мықтыны тәрбиелеп шығарды. Бүгінде олардың қатарында мықты ақындар мен жазушылар да бар. Сондай жандардың бірі, «Жайық пресс» медияхолдингінің ардагер журналисті, 2003 жылдары шыққан «Жайық арулары»  газетінің редакторы, ақын Ұлдай Сариева десек қателеспейміз.

IMG-20230222-WA0224

Бүгінгі мерекеде әріптестерін құттықтау және марапаттау үшін «Ақпарат саласының үздігі», «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, ақын-журналист Ұлдай Қабошқызы сахна төріне көтерілді. Бұл марапатқа «Теректі жаңалығы-Теректинская новь» аудандық қоғамдық-саяси газетінің тілшісі Қарекесова Камелия Өтеуқызы, «Шұғыла» Жәнібек аудандық қоғамдық-саяси газетінің тілшісі Құсайынов Асқар Орынғалиұлы, «Ауыл айнасы» Казталов аудандық қоғамдық-саяси газетінің тілшісі Абдрахманов Қыдыр Харесұлы лайық деп танылды.

IMG-20230222-WA0225

20 жыл ішінде медиахолдингті 8 жыл басқарған Жантас Сафуллин мекеме жанынан баспасөз тарихын зерттеу орталығын құрды. Соның көмегімен «Қазақстан», «Ұран», «Дұрыстық жол», «Хабар-Известия» газеттерінің көшірмелері табылып, олар кітап болып басылды. Қос газеттің электронды нұсқасы дайындалды. "Жайық Пресс" ақпараттық агенттігі құрылып, мекеменің жеке сайты іске қосылды.

Сахна төріне арнайы шақырылған Сафуллин Жантас Набиоллаұлы да бірқатар әріптестерін марапаттады. Олардың қатарында «Орда жұлдызы» Бөей ордасы аудандық қоғамдық-саяси газетінің редакторы Жакина Ұлпан Әнуарқызы, "Приуралье" облыстық қоғамдық-саяси газетінің дизайнері Бахирева Анна Александровна, аудандық газеттердің дизайнері Кенжеғалиев Асқар Ғабдірашитұлы бар. Мерекелік кеш концерттік бағдарламаға ұласты.

zhaikpress.kz

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале