8.11.2026, 15:00
Оқылды: 0

Медициналық ұйымдар басшыларын аттестаттау: Әрбір бесінші қатысушы өту балын жинай алмады

Қазақстанда перзентханалар, балалар стационарлары мен жедел жәрдем станцияларының басшыларын аттестаттау барысында қатысушылардың бестен бірі өту балын жинай алмады, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігі.

InShot_20261108_110244272

Фото: DenMinPR

Қараша айының басындағы мәлімет бойынша, 15 өңірден 235 адам тестілеуден өткен.

​Аралық қорытындыға сәйкес, қатысушылардың 80%-ы сынақтан сәтті өтсе, қалған 20%-ы қажетті нәтиже көрсете алмаған. Теріс көрсеткіштер ең көп Ақмола, Маңғыстау және Қостанай облыстарында тіркелді. Ал Астана қаласы мен Павлодар облысының өкілдері тестілеуден толықтай сәтті өтті.

​Ережеге сай, тестілеуден өте алмаған тұлғалар келесі кезеңге жіберілмей, алты айдан кейін қайта аттестаттаудан өтуге міндетті. Сала басшыларының кәсіби құзыреттілігін бағалауға бағытталған бұл шаралар жыл соңына дейін жалғасады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале