26.04.2023, 11:31
Оқылды: 49

Мемлекет басшысы ҚХА Төрағасының орынбасарларын қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының жаңадан тағайындалған орынбасарлары Акбаржон Исмаилов пен Аурика Дякты құттықтап, олардың мол тәжірибесі жаңа жауапты қызметті атқаруға септігін тигізетініне сенім білдірді. Бұл туралы Президенттің баспасөз қызметі хабарлады.

IMG_20230426_112630_767

Фото: Президенттің баспасөз қызметі

Президентке ҚХА Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Марат Әзілханов Ассамблеяның алдағы XXXII сессиясына дайындық барысы жөнінде есеп берді.

Қасым-Жомарт Тоқаев бірлік пен тұрақтылық қоғам өмірінің барлық саласында жүргізіліп жатқан кешенді реформалардың табысты болуының басты шарты екенін атап өтті. Мемлекет басшысының айтуынша, Ассамблея  бұл міндетті жүзеге асыруда айрықша рөл атқарады.

Президент барлық этникалық топ өкілдері арасында өзара түсіністікті нығайту және Қазақстан халқын одан әрі ұйыстыру үшін жаңа тәсілдер мен жасалатын нақты қадамдардың маңызды екеніне назар аударды.

Президент ҚХА жұмысының маңызды бағыттарын атап өтті. Сондай-ақ Ассамблеяның алдағы сессиясында идеологиялық және практикалық сипаттағы бірқатар маңызды мәселе көтерілетінін айтты.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале