2.11.2026, 16:00
Оқылды: 11

Мемлекет басшысына № 8 және № 9 кокс батареяларының құрылысы жөнінде баяндалды

Мемлекет басшысына Qarmet металлургия комбинатын аралау барысында №8 және №9 жаңа кокс батереяларының құрылысы жөнінде баяндалды, - деп жазады akorda.kz.

img-8556_mediumThumb

Президентке аталған жоба Qarmet компаниясының ірі инвестициялық бастамаларының қатарына енетіні айтылды. Оның аясында жаңа кокс өндірісі қуатын жүзеге асыру қарастырылып отыр. Мұндай ауқымдағы құрылыс комбинатта соңғы бірнеше онжылдықта болмаған. Бас технологиялық серіктесі – ACRE Coking & Refractory Engineering Consulting Corporation компаниясы.

1793615205_IMG_8557

Екі батереяның жалпы жобалық қуаты жылына 1,5 миллион тонна құрғақ кокс өндіруге жетеді. Әр батереяда камерасының биіктігі 7,6 метр болатын 54 кокс пеші жұмыс істейді.

1793615236_KZ8_8464_2

Жаңа агрегаттар домна пешін осында өндірілетін кокспен тұрақты түрде қамтамасыз етуге, оның сапасын ұдайы сақтауға және экологиялық қауіпсіздіктің анағұрлым жоғары деңгейде болуына мүмкіндік береді.

1793615250_KZ3_9644_2

1960-1970 жылдары пайдалануға берілген өндіріс қуатын алмастыратын батереяларды келесі жылы іске қосу жоспарланып отыр. Осылайша, Қазақстанда кокстеу өнімдерін терең өңдейтін алғашқы көмір химиясы кешені құрылады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале