8.06.2022, 15:30
Оқылды: 181

Министр: Хиджаб киетін оқушылар ішінде «оқымаймыз» деп мектептен құжатын алып кететіндер бар

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мектепте хиджаб киетін оқушылар жөнінде пікір білдірді.

«Министрліктің тиісті бұйрығы бар. Біз – зайырлы мемлекетпіз. Мектептер де зайырлы мекемелер. 2016 жылдан бастап қабылданған бұйрық бар, ол өзгермеді. Әр күшін жойған жоқ. Әрине, мектеп формасын сақтау керек. Бірақ шындыққа қарап, мәселені жасырмауымыз қажет. Осы мәселеге қатысты (хиджаб киюге) мектеп жасындағы балалардың мектепке бармай жүрген фактілері бар», - деді министр мәжіліс кулуарында.

33333333

Оның айтуынша, министрліктің алдында тұрған басты мәселе – осы балаларды мектепке тарту, оларды біліммен қамту. Сөзіне қарағанда білімнің инклюзивті болуы өте маңызды. Яғни осы балаларға білім берілуі керек.

«Ол онлайн форматта да болуы мүмкін. Қазір мектепке бармайтын балалар не істеп жатыр? Мысалы, ол балалар «шетелде оқимыз» деп мектептен құжаттарын алып кетеді. Бірақ шын мәнінде олар Қазақстанның шекарасын асып, ешқайда бармайды. Яғни олар елімізде онлайн білім болмағандықтан көрші мемлекеттердің онлайн-мектептерінде оқып жатыр. Ал кейбірі мүлде мектепте оқып жатқан жоқ. Бізге бұған жол беруге болмайды. Балаларымыз міндетті түрде білім алуы керек», - деді министр.

ulysmedia.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале