26.04.2024, 10:45
Оқылды: 31

Министрлік жаңа ипотекалық бағдарлама бойынша субсидия береді

Мамыр айында «Отбасы банкі» Президенттің тапсырмасымен жаңа жеңілдікті ипотекалық бағдарламаны іске қосады. Бағдарламада халықтың әлеуметтік осал санаттары үшін жылына 7%, басқа азаматтары үшін 9% мөлшерлемемен несие беріледі.

Бұл туралы өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

ЖП ДОМ (4)

Астана, Алматы, Шымкент қаласы және облыс орталықтарында бастапқы баспанаға несие беріледі деп жоспарланып отыр. Үлестік қатысу шарттарын қоса алғанда, бастапқы жарна кем дегенде 20%.

Келесі санат – ауылдық елді мекендер мен моноқалалардағы қайталама тұрғын үйлер, сыйақы мөлшерлемесі жылына жалпы бөлінген қаражаттың 30%-ынан аспайды.

Жоспар бойынша бірінші жылы 300 млрд теңгеге 12 мың несие беріледі. Одан әрі жыл сайын 8 жыл бойында 200 млрд теңгеге 8 мың несие беру жоспарлануда. Соның нәтижесінде 1,7 трлн теңге құрайтын сомаға 68 мың несие беріледі.

Несие беруге қаражат нарықтық жағдайда тартылатынын ескерген жөн. Өз кезегінде, өнеркәсіп және құрылыс министрлігі арқылы "Отбасы банк шығарған" облигациялар бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігі субсидияланады. Бұл азаматтардың инвестициялары үшін ипотека бойынша сыйақы пайызын төмендетуге мүмкіндік береді.

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале