17.09.2022, 17:41
Оқылды: 738

«Nur-Er» ат спорты туристік орталығы  ашылды

Оралдағы Жақсы ауыл ауданында «Nur-Er» ат спорты туристік орталығы  ашылды. Орал қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Артур Шерғалиевтің айтуынша, енді қала балалары осы жерде ұлттық спорт түрлерінен емін-еркін жаттыға алады.

ат спорты (4)

 Қала күніне орай тұсауы кесілген нысанға шаһар басшысы Миржан Сатқанов арнайы барды.

-Жылқыны халқымыз ежелден-ақ ерекше қастерлеген. Оның болмысындағы барша қасиетін жақсы танып, терең зерделеді. Бұл орталық өңірде ат спортын дамытуға үлкен мүмкіндік береді. Атқа мінген қазақ балаларының да денсаулығы мықты, шымыр болады, - деген Миржан Мұнайдарұлы нысанның жұмысына сәттілік тіледі.

ат спорты (10)

Жалпы ат спорты тек денсаулыққа ғана емес, адамның ішкі жан дүниесіне де пайдасы көп. Сол себепті орталықта ДЦП-сы бар балаларға арналған иппотерапия тегін жүргізілмек.

Бұл туралы «Nur-Er» ат спорты орталығы құрылтайшыларының бірі Нұрболат Исмағұлов айтып берді.

- Орталықтың аумағы 2 гектар жерді алып жатыр. Біздің кешенде атқора, әкімшілік және шаруашылық бөлім, жазғы және қысқы манеж, серуендейтін орын бар. Орал қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімімен келісімшартқа қол қойдық. Ат спорты бөлімінің тәрбиеленушілері орталықта жаттыға алады. ДЦП-мен ауыратын балаларға арналған иппотерапия орталығы тегін қызмет көрсетеді. Мейрамхана да жұмысын бастады. Қысқы мезгілде де тұрғындар шаңғы теуіп, қарда жүретін көліктермен серуендей алады. Келесі жылы қонақ үй кешенін салу жоспарымызда бар, - деді Нұрболат Айдынғалиұлы.

Динара Насыр,

Суретке түсірген: Гүлмира Сәрсенғали

zhaikpress.kz

1fae8bdd-8f6a-4ed5-8dde-3c70771e5e7f ат спорты (3) ат спорты (5) ат спорты (6) ат спорты (7) ат спорты (8) ат спорты (9) ат спорты (11) ат спорты (12) ат спорты (13) ат спорты (14) ат спорты (15) ат спорты (16)

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале