24.12.2021, 17:45
Оқылды: 172

«Нұрлы жер»: Ақсай қаласында тоғыз қабатты тұрғын үй пайдалануға берілді

«Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында Ақсай қаласында тоғыз қабатты тұрғын үй пайдалануға берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

52

БҚО әкімдігі мәлім еткеніндей, кезекте тұрған 126 адам баспаналы болды.

Бөрлі ауданында «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында үш көпқабатты үй тұрғызу жоспарланса, бұл – соның екіншісі. Биылғы мамырда «Отбасы банк» салымшылары үшін осындай 126 пәтерлік үй іске қосылған еді.

Жаңа үйдің ерекшелігі, мұнда пәтерлер сатып алу құқығынсыз жалға беріледі. Баспаналы болғандар ішінде жетім өскен 40 тұрғын, 48 көпбалалы отбасы бар. Тұрғын үйі апатты деп танылған бір азамат та пәтер кілтін алды.

53

Қаланың 10-шағынауданында бой көтерген тұрғын үйдің ауласында балалар және спорт алаңдары бар. Мектеп-лицей мен екі балабақша да қашық емес.

54

Екінші дүниежүзілік соғыстың ардагері Михаил Шепельге жаңа үйден жекешелендіру құқығымен бір бөлмелі пәтер берілді. Оған аудан басшылығы тарапынан сый ретінде теледидар тарту етілді.

55

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале