7.03.2023, 19:35
Оқылды: 112

Облыс әкімі әйелдер қауымын мерекемен құттықтады

Бүгін «Атамекен» өнер ордасында 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік жиын өтті. Жиында бірінші «Ақжайықтың асыл арулары» кітабының тұсаукесері болып, кейін мерекелік концертке ұласты.

4BA4C9DC-E27F-4580-98D6-4137B85E0655

Салтанатты шарада өңір басшысы Нариман Төреғалиев әйелдер қауымын 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесімен құттықтады.

B0E7AD36-5C99-42A8-B992-57229D00F881

– Ардақты аналар, аяулы арулар! Сіздерді көктемнің жан жылытар шуағымен бірге келетін 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын! Мына өмірге сән беретін де, жылу тарататын да, мейірім төгіп, шуақ шашатын да – сіздер! Жалпы алғанда қазақ үшін наурыз айы – мереке мен берекеге толы қасиетті ай. Шыңғыс Айтматовтың «Адамды құрметтеуден, әйелді құрметтеуден асқан бақытты көрмедім» деп тебіренуінде үлкен мән бар. Себебі тарихымызда құрметтеуге лайық қасиет қонған аналар, ұлан байтақ далада ұлт мақтанышына айналған ұлағатты қазақтың қыздары да көп болған. Күй анасы Динадан бастап, Ұлы Отан соғысында жарық еткен Мәншүк Мәметова, Хиуаз Доспанова, театр саңлағы Хадиша Бөкеева сынды тұлғалардың еңбегі баршамызға үлгі, өнеге. Олардың өшпес өнегесі мен өлмес дәстүрі бүгінде сіздер арқылы жарасымды жалғасын тауып отыр.

Бүгінгі мерекелік шараға арулар, ардагер аналар, ұстаздар, зиялы қауым өкілдері, көпбалалы аналар, өнер, спорт, жалпы әртүрлі салада еңбек етіп жүрген аяулы жандар қатысуда. Қазіргі заманда әйел қызмет етпейтін бірде-бір сала жоқ шығар. Сіздер жасампаз еңбектеріңізбен өңіріміздің гүлденуіне ерекше үлес қосып келесіздер. Әйел бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербетеді деген қанатты қағида бар. Бүгінгі күн – Тәуелсіз еліміздің ұл-қыздарын тәрбиелеп, ер-азаматтарымызға сенімді серік, отандастарымыздың береке-бірлігі мен ырыс-ынтымағына ұйытқы болып жүргендері үшін әйелдер қауымына алғыс айтатын күн.

Баршаңызды көктемнің алғашқы мерекесімен шын жүректен құттықтай отырып, күндей жарқырап, гүлдей жайнап жүре беріңіздер дегім келеді. Мерекелеріңіз құтты болсын!, - деді облыс әкімі өз құттықтауында.

CE7EC18B-3365-4D0B-8F4B-9F327D221D60

Мерекелік концерт БҚО камералық оркестрі, Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармония әншілерінің, өңірге танымал би ансамбльдерінің, арнайы қонақ боп келген Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, әнші Мадина Садуақасованың өнер көрсетуімен жалғасын тапты.

3CC823D1-A526-4D97-BDFB-8D3228AB8F7A

ACCF9829-47B0-490A-BAA7-D5CC598A2EFE

FCB8DA66-0B9A-4ECE-B923-570188911979
4266FEC7-B81A-431C-AA9E-5992D2FEDC40

A047FA39-7EED-428B-A5CC-821754F5AFFB

88E23CBD-EB81-4CFF-9B88-33F0ACCE6FB1

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале