5.09.2020, 12:08
Оқылды: 165

Облыс әкімі Ғали Есқалиевтің қатысуымен «Əкім сұхбаты» өтті

4 қыркүйек күні «ТДК-42» телеарнасында Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиевтің қатысуымен тікелей эфирде «Əкім сұхбаты» бағдарламасы өтті.  
Әкім 1

«Əкім сұхбаты» бағдарламасы барысында облыс әкіміне өңір тұрғындары өтініш-сауалдарын, тілектерін жолдап, тиісінше жауаптар алды.

Облыс тұрғындарын су мәселесі, қоғамдағы сыбайлас жемқорлық, көше тазалығы мен абаттандыру, көше атаулары, мектеп оқушыларын қашықтан оқыту, жер телімі, тұрғын үй мәселелері толғандырды.

Әкім 2

Өңір басшысы Ғали Нәжімеденұлы тұрғындар тарапынан жолданған сауалдарға тұшымды жауап қайтарып, өзіндік ой-пікірін ортаға салды.

Бұқара мен билік арасында ашықтықты көздеп, қоғамдағы өткір де өзекті мәселелерді көтерген «Әкім сағаты» бағдарламасының тұрғындар үшін қажеттілігі көп болды.

 

Ертай Бимұханов,

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале