15.10.2021, 11:14
Оқылды: 314

Облыс әкімі жемқорлық фактілері орын алған жағдайда тікелей өзіне хабарлауды тағы бір мәрте өңір тұрғындарының есіне салды

0ACC8549-49EB-4C2B-8A3A-DCC214746E20

"Құрметті батысқазақстандықтар!

Жақында мемлекеттік бағдарлама бойынша тұрғын үй салып жатқан кәсіпкерден қала әкімдігінің қызметкері ірі көлемде пара алды деген күдікпен ұсталды.

Құрылыс материалдары мен қызмет көрсету жұмыстарына баға өсіп жатқан жағдайда, біз адал жұмыс істейтін құрылыс компанияларымен бірге құрылыс нысандарын уақытында және сапалы аяқтау үшін қосымша қаражат іздеудеміз. Осындай жұмыстар атқарылып жатқанда мұндай жағдайлар тіркеліп отырса, қатаң шара қолдануды қажет етеді.

Мен тағы да мемлекеттік жобалармен жұмыс істеп жүрген азаматтарға ескертіп айтамын. Заңсыз ұсыныстарға беріліп, бопсалауға түспеңіз. Мен ешкімге заңсыз нұсқау бермеймін және оны орынбасарларым мен әкімдерден талап етемін.

Егер мұндай фактілер болса, менің жеке WhatsApp нөміріме +7 701 777 60 37 «Сыбайлас жемқорлық» деп белгілеп хабарлауды өтінемін. Мен тергеу барысын және кінәлі тұлғалардың заң бойынша жауап бергенін қадағалайтын боламын!" - деп жазды өңір басшысы Ғали Есқалиев өзінің фейсбук парақшасында.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале