23.11.2021, 12:11
Оқылды: 107

Облыстық конференция өз мәресіне жетті

19 қараша күні БҚО Білім басқармасының және БҚО тарихи-өлкетану музейінің қолдауымен «Ғылыми зерттеулерді қолдау қоры» ұйымдастырған Сталинград майданында Қызыл Армияның неміс-фашист басқыншыларына қарсы шабуылға шығуының 79 жылдығына арналған «Батыс Қазақстан Сталинград майданының жақын тылы» атты  оқушылар арасында өткен конференция өз мәресіне жетті.

9

«Батыс Қазақстан облысының Сталинград майданына тартылуы, Сталинград қаласынан Орал қаласына көшірілген эвакогоспитальдар, батысқазақстандықтардың Сталинград майданына қосқан үлесі, соғыс шарпыған Орда мен Жәнібек аудандары» атты 1 секция бойынша «Соғыс шарпыған Жәнібек» тақырыбында БҚО, Жәнібек ауданы, «Ұзынкөл ЖОББМ-нің 10-сынып оқушысы Зәуреш Сыдихова (жетекшісі Гүлнәр Айтқалиқызы Бапахова) 1 орынға, «Жәнібек ауданы Сталинград майданының ең жақын тылы» тақырыбында Жәнібек ауданы, Т.Жароков атындағы ЖОББМ-нің 9 сынып оқушысы Расул Мадиев (жетекшісі тарих пәні мұғалімі Жасқайрат Науырызұлы Каргин) 2 орынға, «Оралда құрылған 152-ші дербес атқыштар бригадасы» тақырыбында Орал қаласы, №34 мектеп-гимназияның 10 сынып оқушысы Тілек Жалғас (жетекшісі тарих пәні мұғалімі Нагиева Бакытжан Құспанқызы) 3 орынға ие болды.

16

«Сталинград майданына қатысқан батысқазақстандықтар ерлігі», «Сталинград  майданындағы ақтаңдақтар» атты 2 секция бойынша жүлделі 1, 2, 3 орындарды «Сталинград шайқасына қатысқан даңқты ұшқыш Гринько» тақырыбында Орал қаласы, М.Мәметова атындағы № 27 мектеп-лицейінің 10 «а» сынып оқушысы Меңдіғали Әлихан (жетекшісі Айнұр Насіпқалиқызы Балғазиева), «Ерлігі еленбеген ер»  тақырыбында Орал қаласы, М.Мәметова атындағы № 27 мектеп-лицейінің 7 «б» сынып оқушысы Тілекқабыл Диас  (жетекшісі Ахмедияр Батырханов), «Сталинград майданындағы ақтаңдақтар» тақырыбында Орал қаласы, М.Мәметова атындағы № 27 мектеп-лицейінің 7 «ә» сынып оқушысы Мәлік Альмира (жетекшісі Ахмедияр Батырханов) өзара бөліссе, «Сталинград шайқасында жау қолына тұтқынға түскен, хабар-ошарсыз кеткен  жерлестер туралы» 3 секция бойынша «Боздақтар» кітабына енбеген боздақтар» тақырыбында Жәнібек ауданы, Т.Жароков атындағы ЖОББМ-нің 9 сынып оқушысы Ақұштап Қуанышқалиева (жетекшісі Жасқайрат Наурызұлы Каргин) 2 орын, «22 боздақ. 22 тағдыр» тақырыбында Орал қаласы, М.Мәметова атындағы № 27 мектеп- лицейінің  7 «а» сынып оқушысы Еркеназ Маликова  (жетекшісі Ахмедияр Батырханов) 3 орын, «Сталинград шайқасында жау қолына тұтқынға түскен батысқазақстандықтар» тақырыбында  Орал қаласы, М.Мәметова атындағы № 27 мектеп-лицейінің 7 «б» сынып оқушысы Амангелді Әділет (жетекшісі Ахмедияр Батырханов) 1 орын алды. Байқауда жүлделі орын алған оқуышылар дипломдармен,  жетекшілері ұйымдастырушылар атынан алғыс хаттармен марапатталды.

22

Ғылыми жоба байқауынан соң «Атамекен» балалар мен жасөспірімдер туризмі және экология  орталығында «Әлия» патриоттық тәрбие беру облыстық орталығы директоры Бағдаш Тупенова (ҚР Ақтөбе облысы) мен «Курган» іздеу отрядының командирі Алексей Медведев (РФ Волгоград қаласы), Ресей Федерациясы Волгоград қаласындағы ВРМОО МПО «Поколение» төрайымы Ольга Иванова және жергілікті өлкетанушы Ахмедияр Батырханов семинарға қатысқан қосымша білім беру педагогтарына Ұлы Отан соғысы тақырыбында және архив құжаттарымен жұмыстану бағытында дәріс оқып, спикер қызметін атқарды.

13

Самал Бектыбаева,

Өлкетану бөлімінің меңгерушісі

 

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале