6.11.2023, 16:30
Оқылды: 72

Өңірге инвестиция тарту мәселесі талқыланып жатыр

Дәл қазір облыстық әкімдікте инвестиция тарту жөнінде өңірлік кеңес отырысы өтіп жатыр.

61dc3ec1-909a-438a-bf6b-5d2c620b8fde

Жиынды бастаған өңір басшысы инвестиция тарту, облыстың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері жөнінде айтты.

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында еліміздің инвестиция тарту жұмысын жүйелі жүргізу керектігін айтты. Облысқа инвестиция тарту – алда тұрған басты мақсаттың бірі. Инвестициялық жобаларға биыл ерекше көңіл бөлінуде. Тоғыз айдың ішінде өңірдегі инвестиция көлемі 429 млрд. теңгені құрады. Яғни, 22,7 пайыз өсім бар. Бүгінгі отырыста талқыланатын жобалар облыс экономикасы үшін де өзекті, - деді кеңестің ашылуында сөз алған облыс әкімі.

541570ba-7b9b-4b00-a975-eccb4b0b1e3c

Отырыста өңір инвесторлары өз жобаларын таныстыруда.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале