13.02.2024, 15:45
Оқылды: 28

Өңірлік резервке өтінім қабылдау 1 наурызда басталады

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысындағы департаменті өңірлік резервінің іріктеуіне қатысты түсіндірме жұмысын жүргізіп жатыр.

кадр

Президенттің 2023 жылғы 15 маусымдағы № 255 Жарлығы бойынша облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың өңірлік кадр резервін қалыптастыру және оған тағайындау қағидасының талаптарына сәйкес резервке іріктеуі өтеді.

Резервке қатысты хабарландыру облыс, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкімдері аппараттарының интернет-ресурстарында, сондай-ақ облыс, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бұқаралық ақпарат құралдарында, интернет-ресурстарда және әлеуметтік желілерде резервке іріктеуге қатысуға кандидаттардың құжаттарын қабылдау басталардан 15 бес жұмыс күні бұрын жарияланады.

Іріктеуге өтінім 1-31 наурыз күндері onir.pkrezerv.gov.kz сайтында қабылданады.

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің

БҚО-дағы департаменті

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале