22.08.2022, 9:45
Оқылды: 113

Онсыз да қымбат жабдықты ірә қымбатқа алғаны несі?..

Орал қаласындағы «Antikor оrtalyǵy» сервистік орталығында бекітілген шекті бағаларға сәйкес дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сатып алу мәселесі талқыланды.  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) БҚО бойынша департаментіне қарасты превенция басқармасының басшысы Біржан Хайруллин мемлекеттік сатып алу саласындағы заңбұзушылықтар туралы баяндады. Өз сөзінде  Б. Хайруллин 2020 жылы Батыс Қазақстан облысы бойынша бюджет қаражатының тиімсіз жұмсалғанын  хабарлады.

антикор

- Мемлекеттік сатып алу порталын зерттеу арқылы БҚО денсаулық сақтау басқармасы 2020 жылдың қазан айында (15.10.2020 ж., №37411367 ө/б) 27 500 000 теңгеге және (12.10.2020 ж. (№36924141 ө/б) 29 500 000 теңгеге балалар мен жаңа туған нәрестелерге арналған өкпені жасанды желдету аппараттарын сатып алуды жоспарлағанын анықтадық. 2020 жылдың 23 қазанында аталған басқарма мен «КазЕвроМед» АҚ арасында 29 500 000 теңгеге бір медициналық жабдықты жет-
кізуге шарт жасалған. Өндіруші – «Acutronic medical Systems AG» (Швейцария). Со-
нымен қатар осы уақытқа дейін (15.10.2020 ж., №37411367 ө/б) 27 500 000 теңге көрсетілген жоспардың тармағы «бекітілді» деген күйінде порталда өзгеріссіз қалған. Басқарманың лауазымды тұлғалары бұған қатысты мән-жайды түсіндіре алмады. Өйткені сатып алу жоспарын порталға орналастырған маман қазіргі уақытта басқармада жұмыс істемейді екен. Басқа аймақтардағы осыған ұқсас сатып алулармен салыстырғанда баға айырмашылығы айқындалды. Мәселен, 2020 жылдың 30 қазанында ШҚО ДСБ «Күршім ауданының аудандық ауруханасы» ШЖҚ КМК бағасы –
13 510 000 теңгеге жаңағыдай аппарат сатып алды. Оның өндірушісі – дәл сол «ACUTRONIC medical Systems AG» (Швейцария).

Басқарма 47 пациент мониторын 94 000 000 теңгеге немесе бір данасын 2 000 000 теңгеге сатып алған кезде осындай асыра бағалау фактілері анықталған. Мысалы, Алматы облысының ДСБ ММ ШЖҚ «Көпбейінді облыстық балалар ауруханасы» МКК осындай медициналық жабдықты 1 400 000 теңгеге сатып алған. Екі жағдайда да жеткізуші – «Глобал Медикал» ЖШС, ал өндіруші –
«Edan Instruments, Inc.» (Қытай). Осылайша осы медициналық жабдықты сатып алу кезінде нарықтағы бағаны сақтау басқармаға 28 200 000 теңге үнемдеуге мүмкіндік беретін еді. Сондай-ақ «med-Pharm МТ» ЖШС-дан (барлығы 157 500 000 теңге / 3 дана) «эндоскопиялық тіреуі бар бейнебронхоскоптың» бір данасын 52 500 000 теңгеге сатып алу кезінде асыра бағалау орын алған. Алматы қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының осындай жабдықтың біреуін «INTERMED COMPANY» ЖШС-дан 42 040 000 теңгеге сатып алғаны анықталды. Екі жағдайда да өн-діруші – «Olympus Medical Systems Corp.» (Жапония). Нарықты дұрыс  зерделегенде
31 380 000 теңге үнемделер еді.

Мемлекеттік сатып алу порталын және аудиторлық есепті зерделеумен 2020 жылдың 23 шілдесінде басқарма мен «Гуми Фарм+» ЖШС арасында медициналық консоль мен оттегіні ылғалдандырғышты сатып алуға тиісінше №49 және №50 шарттар жасалғаны анықталды (шарттардың жалпы сомасы 69 835 464 теңге). Көрсетілген шарттарға сәйкес өнім беруші өзіне алған міндеттемелердің толықтай тиісінше орындалуын және тауарлардың техникалық ерекшелік талаптарына сәйкестігін қамтамасыз етуге міндеттенді. Жеткізілетін тауардың ілеспе құжаттарына сәйкес (ҚР тіркеу куәлігі-МТ-№5018634, мемлекеттік тіркеу күні 24.12.2018 ж., №018808) медициналық газ клапандары мен оттегіні ылғалдандырғыш «Pacific Hospital Supply Co Ltd» өндіруші зауытта шығарылған. Өндіруші ел – Тайвань (Қытай провинциясы). Сонымен қатар аудит барысында жүргізілген бақылау өлшемінің нәтижесі бойынша, қаптама зат белгісіне сәйкес тауарлар «Suzhou AEMD Medical Technology Co Ltd» өндіруші-зауытында өндірілген, Өндіруші ел – Цзянсу (Қытай провинциясы). Демек, жеткізілген тауарға техникалық ерекшелікте көзделген тиісті тіркеу куәлігі ұсынылмаған.

ҚР Кодексінің 242-бабының 3-тармағына сәйкес медициналық бұйымдар тікелей медициналық бұйымдарға және (немесе) қаптамаға басылған таңбасымен, медициналық бұйымға қатысты медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулығымен немесе пайдалану құжатымен айналысқа түсуі тиіс. Жүргізілген үстеме бақылау өлшемінің нәтижесі бойынша тауарларды жеткізу кезінде мемлекеттік және орыс тілдерінде таңбалар берілмегені анықталды. Медициналық ұйымдардың басшылары Үкіметтің 2021 жылғы 4 маусымдағы №375 қаулысының талаптарын ұстануы қажет. Бұдан басқа бюджет қаражатын үнемдеу мақсатында медициналық мекемелер бірыңғай дистрибьютордың тізбесіне кіретін дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды мемлекеттік сатып алу саласындағы заңнаманы қатаң сақтауы шарт, – деді Біржан Хайруллин. «Ел намысы» арнайы мониторинг тобының БҚО филиалы басшысының орынбасары Мұрадым Қошқарбаев дәрілік заттармен қамтамасыз ету және медициналық көмек көрсетуді талдау және мониторингілеу бойынша нәтижені баяндады. Оның айтуынша, мониторинг қоғамдық сауалнамаларды талдауға, БАҚ-тарда және интернет-ресурстарда жарияланған ақпаратқа, ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің деректеріне негізделген.

- Медициналық мекемелерде тұрғындарға жасалып жатқан қамқорлық жайын ескерусіз қалдыра алмаймыз. Диспансерлік есепте тұрған науқастардың барлығына осы санаттағы науқастар үшін тағайындалған дәрі-дәрмек пен медициналық құрал-жабдықтар ТМККК бойынша берілмейді деген ақпарат бар. Бұл шағым ересектерге де, балаларға да қатысты. Бұл ретте емханалар мен стационарларда дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету емделушілердің өтініші бойынша толық көлемде қамтамасыз етілуі тиіс. Бірқатар медициналық ұйымда жүргізілген мониторинг пен тұрғындар арасында ұйымдастырылған сауалнама мемлекеттік және жеке емханаларда қызмет көрсетуде елеулі айырмашылық бар екенін көрсетті. Жеке ұйымдарда сапалы қызмет көрсету әлдеқайда жақсы жолға қойылған, сарылып кезек күту жоқ, қабылдау бөліміндегі дәрігерлер емделушілерге өте мұқият қарайды. Мемлекеттік емханаларда келушілерді осылайша қамқорлау жетіспейді. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мен тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көмегіне қатысты мәселе көп. Колл-орталық операторлары тұрғындар сауалына нақты жауап бермейтіні де айтылды.

Травматологиялық зертханалық зерттеулер бойынша құрсақ қуысының УЗИ және КТ құрылғысын тегін пайдалану қызметі бойынша медициналық мекемелер неге төлем жүргізбейді? Рентген, МРТ, КТ қызметтерін көрсету стандарттары жоқ, бірлескен орындаушылар үшін келісімшарттар жасаудың нормативтік базасы толық жасақталмаған. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы жекемен-
шік медициналық ұйымдардың МӘМС және ТМККК бойынша шарттық міндеттемелерін орындауын қадағаламайды. Айта кетерлігі, жалақының жоғары болуына және құжат айналымының азаюына байланысты жеке медициналық ұйымдарға білікті кадрлар ауысып жатқаны аңғарылады. Бұл ретте дәрігерлерге түсетін жүктеме орташа есеппен 1,4-тен 2 ставкаға дейін жетеді. Осы ауырт-
палық салдарынан медициналық  қызмет сапасы төмендеуде, – деді Мұрадым Қош-
қарбаев. «Antikor оrtalyǵy» сервистік орталығында өткен  басқосуда «Әділдік жол» РҚБ
Орал қаласындағы филиалының өкілі Бауыржан Ахметжан ұсыныс-пікірін жеткізді. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Арман Қалибеков сыбайлас жемқорлықты болдырмау бойынша жүргізіліп жатқан іс-шаралар жөнінде баяндады.

 

Нұртай  Текебаев,

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале