22.09.2023, 15:15
Оқылды: 47

Орал алдағы жылыту маусымына дайын ба?

Орал қаласындағы жылу электр орталығын жаңғырту мақсатында турбоагрегат пен градирняны қайта құру бойынша жобалар жүзеге асырылуда, деп хабарлайды Орал қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

ЖП Қала

«Градирняны қайта жаңарту жұмыстары толығымен аяқталды. Сонымен қатар су тартқышын қайта жаңарту жұмыстары жүргізілуде (РУ-3,15 Кв жұмыстарды осы айда аяқтау жоспарлануда) және жалпы ұзындығы 5,6 км құрайтын №2 және №5 жылу магистральдарын қайта жаңартуға жобалау-сметалық құжаттамалары сараптамадан өтуде.

Бұдан бөлек, Зашаған кентіндегі Ғалымдар ауылы көшесінде жаңа жылыту қазандығының құрылысы жүргізіліп жатыр. Жұмыстар биылғы жылдың қазан айында аяқталады. Нәтижесінде тоғыз көпқабатты үй, алты өндірістік мекеме және бір балабақша үздіксіз жылумен қамтамасыз етілмек.

Орал-Атырау, Орал-Саратов трассалары арасындағы №3 жылыту қазандығына жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Аталған жылу энергиясы Зашаған кентіндегі 18 көпқабатты тұрғын үйді қамтиды. Жұмыстар осы айда толықтай аяқталады», - делінген баспасөз мәлімдемесінде.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале