17.06.2024, 19:00
Оқылды: 135

Орал қаласына табиғи апат салдарынан төнген қауіп беті қайты

Биылғы көктем еліміздің барлық тұрғындары үшін ең ауыр көктемдердің бірі болды десек артық айтақынмыз емес. Себебі, ағымдағы жылдың наурыз айынан бастап еліміздің бірнеше аумағында су тасқынына байланысты төтенше жағдай жарияланған болатын. Сол себептенде бұл төтенше жағдай бірқатар облыстар мен елді мекендердегі халықты әбдең әбігерге салды.

IMG-20240617-WA0024

Тілсіз жау кесірінен бір күнде бірнеше елді мекендер су астында қалып, қарапайым халық үйсіз қалды. Уақыт еншісінде болған бұл жағдай, көзді ашып жұмғанша өте шыққандай болды. Қарапайым тұрғындардың айтуы бойынша судың келу де жылдам, кетуі де жылдам болды. Төтенше жағдай жарияланғанан бастап Батыс Қазақстан облысына су тасқынына қарсы іс-шараларға көмектесуге Ұлттық ұланның «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығына қарасты әскери бөлімдерден 500 ден аса әскери қызметкерлер жіберілді. Қызылорда және Шымкент қалаларынан келген ұландықтар, елмен халықпен бірге екендіктерін көрсетіп қана қоймай, су тасқынына қарсы іс-шаралар кезінде тұрғын алаптар манына бөгеттер салу, тұрғындарды эвакуациялау және де тұрғындар эвакуацияланған аймақтардағы қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жұмыстарын атқарып келді. Айта кетейік, Батыс Қазақстан облысында су тасқыны басталғалы бері, табиғи апатпен күреске барлығы 1000 ға жуық ұландықтар 40-тан астам техника жұмылдырылды. Табиғи апатпен күрес барысында ұландықтар тұрғындарды эвакуацилап ғана қоймай, облыс аумағына басқа қалалар мен елдерден келген гуманитарлық көмекті күтіп алуға және түсіруге ат салысты. Ұландықтар көмегімен Батыс Қазақстан облысында құм салынған қаптардан 40 шақырылым бөгет тұрғызылып көптеген аймақтар табиғи апаттан аман қалған еді. 1 айға жуық уақытқа созылған бұл қызмет барысында ұландықтар көптеген ерлік әрекеттері мен көзге түсті. Ұландықтардың осындай батыл әрекеттерінің арқасында Батыс Қазақстан облысына қана емес еліміздің барлық аумағына төнген қауіптің беті қайтарылған болатын.

IMG-20240617-WA0023

Жалпы атап айтқанда осы 1 ай ішінде еліміздің тірегі мен жүрегі болған Ұлттық ұландықтар Батыс Қазақстан жерінде аянбай еңбек етіп өздерінің әскери анттарына адал болып қарапайым халықтың ыстық ықыласына бөленді. Күн түн демей қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында қызметке шығып, судың суықтығы мен ағыстың қаттылығына қарамастан тұрғындарды эвакуацилап өздерінің ерліктерін көрсете білді. Осы орайда біз қазақ халқында қалыптасқан «Бейбіт күннің батыры» деген ұғымды ұландықтар абырой мен арқалап жүргендігіне көзімізді жеткіздік.

 Ал, бүгінде табиғи апат бетінің қайтқанына біршама уақыт өтті. Үйлері суға кеткен тұрғындарға мемлекет тарыпынан жаңа үйлер беріліп көптеген отбасылар қоныс тойларын тойлауда. Ал, тұруға жарамыз болып қалған тұрғын үйлер апатты деп танылып, қазіргі таңда бұзу жұмыстары да жүргізілуде. Сондай-ақ, табиғи апат кезінде Орал қаласына төнген судың бетін қайтару үшін арнайы құрылған бөгеттер бұзылып, жинастыру жұмыстары өз бастауларын алуда. Мәселен маусым айының басынан бері, Шаған өзені бойындағы қорғаныс үйінділерін жинау жұмыстары белсенді түрде жүргізіліп жатыр. Аталмыш жұмысқа күн сайыс Ұлттық ұланның 5517 әскери бөлімінің әскери қызметкерлері мен бірге 10 арнайы техника тартылып қорғаныс бөгеттері жинастырылуда. Қазіргі таңда аталмыш жұмыстар қаланың бір бөлігінде қана емес басқада аудандарда өз жалғасын табады. Сонымен қатар, ағымдағы жылдың 16 маусым күні еліміздің барлық аймағында орын алған «Таза Қазақстан» атты акциясы аясында бөгеттерді жинастыру жұмыстары өз жалғасын тапқан болатын. Аталған жұмыстар орталық мәдениет және демалыс саябақтары мен облыстық экологиялық-биологиялық орталықтарда жүргізіліп жатыр.

Су тасқыны кезінде ұландықтардың күшімен құрылған бөгеттер, бүгінде осы ұландықтардың күшімен қайта жиналуда. Облыс аумағындағы біршама елді мекендерді аман алып қалған бұл бөгеттерге бүгінде ешбір жанның өкпе реніші жоқ. Келе жатқан суды тоқтатып, үйлерін аман алып қалған жандардың көңілдерінде тек қуаныш пен ризашылық. Ал облысымыздың тұрғындары өз ризашылықтарын еліміздің айбынына айналған Ұлттық ұлан жауынгерлеріне айтуда.

                                            Бақдәулет Манарбек,

лейтенант

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале