24.04.2017, 16:02
Оқылды: 42

Орал қаласының әкімі белсенді оқырмандарды марапаттады

Өткен жексенбіде Орал қаласының жаңа алаңында «Сүйікті қалам - Оралым» тақырыбында «КITAPFEST-2017» фестивалі өтті. Шара «Оқитын қала» жобасы аясында ұйымдастырылды.


Безендірілген сахна, кітап көрмелері, инсталяциялар, баспа өнімдері мен кітап сатушы ұйымдар фестивалге сән беріп тұрғандай.

Ж.Молдағалиев атындағы облыстық кітапхана «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында оқылған әдебиеттерден «Кітап шеруі» әдеби-поэтикалық слэмін ұсынса, Х.Есенжанов атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдерге арналған облыстық кітапхана жанында жұмыс жасайтын қуыршақ театры өз қойылымдарымен көрермендерді тәнті етті.

Сонымен қатар «Оралдық танымал тұлғалардың сүйікті кітабы» тақырыбы бойынша белгілі тұлғалардың қолтаңбасы жазылған әдебиеттер аукционға шығарылып, берілген сұрақтарға үздік жауап берген оқырманға тарту ретінде тапсырылды.

- Дүниежүзілік кітап күнін жаңа алаңда атап өтуді ұйғарған едік. Қала халқының кітап оқуға деген қызығушылығы күннен-күнге артып келе жатқандығын байқаймыз. Соның ішінде оқушыларымыздың кітапқа деген бет бұрушылығы жақсарып келеді. «Кітап-адамның жан азығы» демекші кітап оқу арқылы адам өзінің өмірін қалыптастырады. Сондықтан барлығыңызды кітап оқуға шақырамын,- деген Орал қаласының әкімі Нариман Төреғалиев кітапханалардың белсенді оқырмандарын алғыс хат және сыйлықтармен марапаттады.

Қазіргі таңда қаламыз бойынша 19 кітапхананың есігі айқара ашық. Барлық кітапханалардағы кітап қоры 650 мыңнан асады. Кітаптармен қоса жыл сайын 200-ден астам газет-журналдарға қарқынды жазылу жұмыстары жүргізіліп келеді. Өткен жылдың қорытындысы бойынша, оқырмандар саны 47 мың болса, ал ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында 22 мың оқырман қаламыздағы кітапханалардың табалдырығын аттап үлерген.

Темірболат ӘНУАРҰЛЫ

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале