8.07.2022, 9:30
Оқылды: 100

Орал мешіттерінде құрбандық етін мұқтаждарға үлестіретін арнайы мамандар болады

Орал қаласында Құрбан айт кезінде мал соятын арнайы орындар белгіленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

220708093756048e

Сурет: i2.wp.com

БҚО бас имамы Бақытжан Сабыралиевтің мәлім еткеніндей, малды «Ел ырысы» базарында, «Батыс адал ет» және «Кублей» ЖШС-да шалуға болады.

Бақытжан Құралбайұлының айтуынша, осы орындарда арнайы киім киген қасапшылар бекітілді.

Олар оқытудан өткізіліп, бағаны барынша көтермеу туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар малды жеке үйлердің ауласында да союға болады.

Мал сою орындарында арнайы киімі жоқ қасапшылардың қателігіне имамдар жауап бермейді.

«Құрбан айт намазы 9 шілде күні жергілікті уақыт 06.30-да оқылады. Сағат 07.00-ден бастап құрбан шала беруге болады. Құрбандыққа шалған малдың бір бөлігін отбасына қалдырып, енді бір бөлігін көрші-көлем, жақын-жуықтарға, тағы бір бөлігін мұқтаждарға беруге болады. Мұқтаждар мешіттерге келіп, сондай-ақ арнайы сайт арқылы тіркеліп жатыр. Мешіттерде арнайы бекітілген мамандар болады. Етті соларға жеткізсе, мұқтаждарға үлестіріп береді», - деді бас имам.

Құрбан айт күндері мал сатумен айналысатын тұрғындардың сөзіне қарағанда, қой 40-85 мың теңге аралығында сатылады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале