«Призма»: Оралда тағы алты камера орнатылды
2 Қазан 2023

«Призма»: Оралда тағы алты камера орнатылды

Бірқатар өңірде жылыту маусымы басталды
2 Қазан 2023

Бірқатар өңірде жылыту маусымы басталды

Ақтөбеден жүлделі оралды
2 Қазан 2023

Ақтөбеден жүлделі оралды

БҚО әкімі: «Азық-түлік бағасын реттеу мәселесіне дұрыс талдау жүргізілмей отыр»
2 Қазан 2023

БҚО әкімі: «Азық-түлік бағасын реттеу мәселесіне дұрыс талдау жүргізілмей отыр»

Азия ойындары: төртінші алтынды кімдер алды?
2 Қазан 2023

Азия ойындары: төртінші алтынды кімдер алды?

Қазақстан қоржынына Азия ойындарының алтыншы күміс медалі түсті
2 Қазан 2023

Қазақстан қоржынына Азия ойындарының алтыншы күміс медалі түсті

6.06.2023, 17:24
Оқылды: 406

Оралда 39 жасар жігіт микроқаржы ұйымын тонап кеткен

Орал қаласының 39 жастағы тұрғыны халыққа ақшалай қарыз беретін микроқаржы ұйымдарының бірін тонап кеткен. Полицейлер қарақшылық шабуылды ізін суытпай ашты деп хабарлады БҚО ПД баспасөз қызметі. 

т

Оқиға 1 маусым күні болған. Орал қаласы микроқаржы ұйымдарының бірінің кассирі полиция департаментінің кезекші бөліміне қоңырау шалып, сағат 15.36-да үстіне камбинизон киген белгісіз ер адам кеңсеге баса-көктеп кіріп, тапанша тәрізді затпен қорқытып, оған кассада бар ақшаны беруді талап еткенін хабарлаған. Қорыққанынан кассир оған ақшасын берген, содан кейін шабуылдаушы оқиға орнынан қашып кетеді.

-Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде БҚО ПД полиция қызметкерлерімен жедел іздестіру жұмыстары жүргізіліп 1984 жылғы азамат анықталып, ұсталды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 192-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде (Қарақшылық). Енді ол азаматтың осы бап бойынша  мүлкі тәркіленіп, үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Ұсталған адам Орал қ. ПБ уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды деді баспасөз қызметі.
Мән-жайларды анықтау барысында аталған Б есімді 1984 жылғы азамат бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылмағаны белгілі болған.  Ол кассирді қорқытқан зат - мылтық ойыншық болып шыққан.  Ер адам бұл қылмысқа   қарыздарынан құтылу үшін барғанын жеткізіпті.

 

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале