8.08.2022, 12:00
Оқылды: 354

Оралда адам өліміне қатысты күдіктілер ұсталды

Бұл туралы БҚО полиция департаменті өкілі хабарлады.

IMG-20220808-WA0020

Оқиғаның мән-жайы туралы сағат 12:00 де департамент брифинг алаңында айтып береді.

Еске сала кетейік, кеше БҚО полиция департаменті аса ауыр қылмыс жасады деген 1991 жылғы Руслан Кожантаев пен 2001 жылғы Тұрлан Амангелдіге іздеу жарияаған болатын.

Департаменттің мәлімдеуінше, 6 тамыз күнгі Оралдағы Исатай-Махамбет көшесінде пышақтан жарақат алып, жан тапсырған ер адамның өліміне олардың қатысы бар.

Қаза болған 1974 жылғы азамат жергілікті кәсіпкер.

Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Аталған оқиға бойынша ҚР қылмыстық кодексінің 99 бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале