24.10.2022, 15:56
Оқылды: 518

Оралда апатты үйдің тұрғындарына жаңа үй берілді

Оралда 25 қазан – Республика күні қарсаңында 4 қабатты үйдің кілті табысталды. Айта кетейік, үйде 52 пәтер болса, бүгін оның 12-сі апатты үйдің тұрғындарына берілді.

1666603537115

Реновация бағдарламасы аясында салынған үйдің кілтін тұрғындарға қала әкімі Миржан Сатқанов табыстап, жаңа қоныстарымен құттықтады.

1666603617473

– Мереке қарсаңында реновация бағдарламасы арқылы үй беріліп, он екі пәтердің иесі жаңа қоныстарын тойлағалы отыр. Қалада қазіргі уақытта 28 апатты үйдің орнына жаңадан 10 үй салынуда. Жыл соңына дейін аяқталады деген үміттеміз. Қоныстарыңыз құтты, іші тек берекеге толы болсын, - деді қала әкімі.

1666603562483

Қаладағы С.Есқалиев көшесінде орналасқан үйдің құрылысын мемлекеттік жеке меншік әріптестік жобасы аясында «Даму Жол Орал» ЖШС жүргізген.

1666603394374

– Үйдің құрылысын 2021 жылы наурыз айында бастадық. Ескі екі қабатты үй сүріліп, жаңа тұрғын үй бой көтерді. Жаңа пәтерлер заңды түрде тұрғындардың жекеменшігіне беріледі, - дейді «Даму Жол Орал» ЖШС өкілі Айкенай Рамазанова.

1666603481195

Тұрғындар қуанышымен бөлісіп, мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдауға алғысын жеткізді.

1666603434367

1666603590879

1666603831131166660381301616666037690471666603790916

Динара Насыр,

Суреттерді түсірген автор
zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале