23.03.2019, 17:08
Оқылды: 137

Оралда ауыл шаруашылығы өнімдері жәрмеңкесі өтті

Бүгін Орал қаласындағы М. Ықсанов көшесі бойында ауыл шаруашылығы өнімдері жәрмеңкесі өтті. Оған өңір басшысы Алтай Көлгінов арнайы қатысып, ұсынылған тауарлардың бағасы және сапасымен танысты.

2

Облысымыздың Бәйтерек, Қаратөбе, Сырым, Теректі аудандары және Орал қаласындағы қайта өңдеу кәсіпорындары мен ірі көтерме тауар жеткізушілері қатысқан жәрмеңке барысында барлығы 7 бас жылқы еті, 13 бас сиыр еті, 35000 дана жұмыртқа, 5,7 тонна картоп, 0,5 тонна қырыққабат, әрқайсысы 1 тоннадан сәбіз және пияз, 3 тонна балық, сонымен қатар шұжық, сүт өнімдері мен жеміс-жидектің сан түрі саттыққа шығарылып, нәтижесінде 2,5 млн. теңгеге сауда жасалды.

102-1

– Бүгінгі шара – биылғы жылғы ауыл шаруашылығы өнімдері жәрмеңкесінің маусымашары. Алдағы уақыттан бастап әр аптаның демалыс күндері тұрақты түрде өткізілетін болады. Ұсынылған өнімдердің бағалары нарықтағы құнмен салыстырғанда, 25-30 пайызға төмен. Мысалы, жұмыртқа 190 теңгеден, ет – 1200, картоп 40-50 теңгеден сатылуда, – деді облыс әкімінің бірінші орынбасары Ғали Есқалиев.

Айта кету керек, өткен жылы өңірімізде 647 рет жәрмеңке ұйымдастырылып, 1 трлн. теңгенің ауыл шаруашылығы өнімдері халыққа ұсынылды.

WhatsApp Image 2019-03-23 at 15.11.50-1-1

Валентина БАГРЯНЦЕВА, зейнеткер: – Осындай жәрмеңкені асыға күтіп жүремін. Мұндағы бағалар базардағымен салыстырғанда, біршама арзан. Асықпай аралап жүріп, жергілікті кәсіпорындардың шұжық және сүт өнімдерін, ет, жұмыртқа алдым. Жергілікті билік өкілдерінің жәрмеңкені тұрақты түрде өткіземіз дегеніне қуанып қалдым.

WhatsApp Image 2019-03-23 at 15.11.50 (1)-1

Нәдірбек ҰЛЫҚПАНОВ, «Райымбек» ШҚ басшысы, Қаратөбе ауданы:
– Бүгінгі жәрмеңкеге Қаратөбе ауданына қарасты Саралжын ауылдық округінің Сәуле ауылынан келіп қатыстым. 215 келі ет алып келдік. Ірі қара етін 1300, тартылған етті 1500 теңгеден саттық. Таңмен ерте келген халық қарасы көп болып, әп-сәтте саудамыз жүрді. Кәсіпкерлер мен шаруа қожалық иелеріне тегін сауда орындарын ұсынып, баға мен сапаға айрықша мән беретін осындай жәрмеңкелер әлі де жалғасын тапса деймін.

101

7

3

109

5

6

9

8

Аяужан КЕРЕЕВА

Суреттерді түсірген А.Куприенко

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале