14.07.2023, 15:45
Оқылды: 376

Оралда батальон командирлері арасында оқу-әдістемелік жиыны өтті

Орал қаласында «Батыс» өңірлік қолбасшылығының ұйымдастыруымен батальон командирлері арасында оқу-әдістемелік жиыны өткізілді.

image-14-07-23-04-08

Үш күнге созылған жиынға Орал қаласынан бөлек Атырау, Ақтөбе, Ақтау, Жаңаөзен қалаларында орналасқан әскери бөлімдердің батальон командирлері қатысты.

Атап айтсақ, алты батальон командирі өнерлерін ортаға салды.

«Сұңқар» полигонында өткізілген аталмыш жиынның басты мақсаты батальон командирлерінің кәсіби дайындығын және біліктіліктерін арттырып, заманауи тактикалар мен қару-жарақтарды қолдану дайындығын тексеру және тағы басқасы.

image-14-07-23-04-08 (1)

Батальон командирлерімен атыс және дене шынықтыру дайындығы, тактикалық медицина, қызметтік-жауынгерлік қолдану тактикасы, әскери топография бойынша оқу-жаттығу сабақтары өткізілді.

image-14-07-23-04-08 (2)

10-13 шілде күндері өткен оқу-әдістемелік жиын барысында жалпы саны 13 сабақ өткізлді.

Атап айтсақ, 10 практикалық сабақ, үш сынақ, сонымен қатар жеке құрамды оқыту мен тәрбиелеудің жауынгерлік қызметін ұйымдастыру бойынша командирлер арасында өзара тәжірибе алмасу жүргізілді.

Аталмыш шара оқу-әдістемелік жиын форматында ғана емес, сонымен қатар рейтингтік жарыс ретінде өткізілді.

Бәсекеге толы жиын нәтижесі бойынша 6655 әскери бөлімінің жедел мақсаттағы 1-інші батальонының командирі капитан Қалбай Сейітжан жүлделі І орынды қанжығалады.

Бас жүлде еншілеген капитан бұл жеңіс күнделікті дайындықтың арқасы дейді.

11 жыл бойы елге қызмет етіп жүрген Сейітжан Бахтиярұлы қызмет барысында өз-өзін физикалық және моральдық тонуста ұстаудың маңыздылығын атап өтті. Осының арқасында капитан батальон командирлері арасында бүгінде үздік атанып отыр.

Ертуған Әубәкір,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале