20.02.2020, 15:07
Оқылды: 283

Оралда белгісіз біреулер банкоматты бұзып, тонап кеткен

Оралда белгісіз біреулер банкоматты бұзып, қаржы жымқырып кеткен. Оқиға бүгін «МегаСтрой» сауда үйінде болды. Белгісіз біреулер осындағы «Қазақстан Халық банкі» АҚ-ға тиесілі банкоматты бұзып, ақшасын алып кеткен. БҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәлім еткеніндей, оқиға туралы сағат 11.00-де хабар түскен. Қазіргі кезде келтірілген шығын анықталу үстінде. Осы қылмысқа қатысы бар күдіктілерді анықтау және ұстау бағытында жедел іздестіру шаралары жүргізілуде.

bankomat

ҚазАқпарат

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале