16.08.2026, 18:30
Оқылды: 5

Оралда көркем гимнастикадан ел чемпионатына жолдамалар сарапқа салынды

Оралда көркем гимнастикадан облыс біріншілігі өтіп, Қазақстан чемпионатына қатысатын Батыс Қазақстан облысының құрамасы анықталды.

IMG-20260816-WA0030

Өңірден жиналған 110 жас спортшы техникалық дайындығы мен шеберлігін сарапқа салды.

​Жарыс қорытындысы бойынша, 15-20 қыркүйекте Ақтау қаласында өтетін І разрядты спортшылар арасындағы ел чемпионатына Гаухар Бисен, Ясмина Кинжигалиева, Әлия Рысқали, Айсұлу Жетибаева, Дария Делекешева және Альмира Мурзагалиева жолдама алды.

Ал қазан айында Шымкентте өтетін спорт шеберлігіне үміткерлер арасындағы біріншілікте БҚО намысын Диана Жасталапқызы, Самира Сейдахмет және Хорлан Мақсот қорғайды.

Түгелбай Бисен, 

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале