20.10.2023, 11:00
Оқылды: 106

Оралда «Құтқарушы» аялдамасы ашылды

Бұл туралы БҚО төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

аялдама (4)

Орал қаласының әкімі Миржан Сатқанов және Батыс Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Ернұр Өтегенов Құтқарушылар күні мерекесіне орай жедел-құтқару жасағына арнайы келді.

Айта кету керек, облыстық жедел құтқару жасағы республика бойынша алдыңғы қатардағы жасақтардың бірі.

2001 жылы құрылған жасақ құрамында кәсіби құтқарушылардан бастап 73 адам қызмет етеді. Бүгінде жасақ түрлі деңгейдегі қызметтерді атқаратын техникалармен жабдықталған.

аялдама (2)

Мекеме басшысы Асқар Килишев қонақтарға аумақтағы жеке құрамның күшімен авариялық құтқару жұмысының арнайы техникаларын жазғы және қысқы мерзімде сақтау үшін салынып жатқан ангардың құрылыс барысы және құтқару шараларын тиімді, қауіпсіз және шұғыл жүргізу үшін қажетті көлік, авариялық-құтқару жабдықтары, аспаптар мен құрал-саймандармен таныстырды.

аялдама (3)

Департамент бастығы Ернұр Өтегенов және қала әкімі Миржан Сатқанов жедел-құтқару жасағы жанындағы жақында пайдалануға берілген «Құтқарушылар» аялдамасын көріп, танысты.

Аялдама Жәңгірхан көшесі бойындағы Шаған көпірі маңындағы жедел-құтқару жасағына жақын жерде орналасқан.

Аялдаманың атауы тұрғындардың қауіпсіздік мәдениетін арттыруға зор мүмкіндік туғызады. Біраз ақпарат та бар.

аялдама (1)

Өйткені оның ішінде суға шомылу кезінде ережені сақтау, өрт қауіпсіздігі, табиғи және техногендік сипаттағы қауіпсіздік шараларының алдын алу бойынша жаднамалар, сондай-ақ төтенше жағдай туындаған жағдайда шұғыл нөмірлер жазылған ақпараттарға толы.

аялдама

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале