16.10.2021, 17:50
Оқылды: 340

Оралда күз марафоны өтті

Бүгін Жоғары инженерлік-технологиялық колледжінің ұйымдастыруымен студент жастарға салауатты өмір салтын насихаттау, спортқа деген қызығушылықтарын ояту мақсатында, ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы қарсаңында «Жастар қуатты Қазақстан үшін» атты күз марафоны өтті.

9CE346D7-7563-4EB7-B578-147F891D4292

Жалпы марафонға колледж ұжымы және студенттермен қатар қалалық орталық саябақтың қонақтары қатар қатысып, шараның жоғары деңгейде өтуіне септігін тигізді.

- Марафон легінде студент жастарымызбен қатар қала тұрғындарын, қонақтардың арасында жас балалар мен жасы егде тартқан жандарды да кезіктіруге болады. Бұл күзгі марафон жыл сайын өзінің жалғасын табатын болады. Өзіміз секілді барша жастарда жалпы облысымыздағы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын аталған марафонға белсене қатысып, салауатты өмір салтын ұстануға шақырамыз, - дейді ЖИТК жастар ісі жөніндегі комитет төрағасы Т.С.Серікқалиев.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале