28.10.2023, 22:22
Оқылды: 0

Оралда ММА-дан қалааралық ашық турнир өтіп жатыр

Дәл қазір Оралдағы Бауыржан Момышұлы атындағы жекпе-жек академиясында ММА-дан қалааралық ашық турнир өтіп жатыр. Бұл туралы қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің баспасөз қызметі хабарлады.

98A51733-5B20-4943-BECC-185C61942DE8

«БҚО ММА федерациясы, Б.Момышұлы атындағы жекпе-жек академиясы мен Орал қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен өтіп жатқан турнирде мықтылар өнер көрсетуде. Оған көршілес Ресей елінен, өзіміздің өңірден және Алматы, Қарағанды, Ақтөбе, Ақсай қалаларынан келген спортшылар қатысуда. Гран при жеңімпазы арнайы дайындалған белдік пен бір миллион теңгенің иегері атанады», - деп мәлімдеді қалалық спорт бөлімі.

07B4628F-E356-44E5-B618-7D4A61424252

2BE145BD-3697-4A87-9ECF-26FE2513E8B9

Айта өтейік, осыған дейін Қазақстан мен Ресей спортшылары арасында бірнеше жекпе-жек өтіп, жалпы есеп қорытындысында кубок өзіміздің қолда қалған еді. Бүгінгі кеште Гран-при жеңімпазы анықталады.

«Жайық Пресс» ақпарат агенттігі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале