11.05.2021, 17:00
Оқылды: 394

Оралда оқушылар арасында «Адалдық кілті» атты қашықтан облыстық сурет байқауы өтті

Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының бұйрығына сәйкес қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының, 2015-2025 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының негізгі басымдықтарын түсіндіру мен насихаттау мақсатында 1-4 сынып оқушылары арасында «Адалдық кілті»атты қашықтан облыстық сурет байқауы өтті.

185323409_854012635457872_4972048169307191424_n

Байқауға 9 аудан, дарынды балаларға арналған мамандандырылған №8 облыстық мектебі және Орал қаласының жалпы орта білім беретін мектебінің оқушылары, барлығы 193 оқушы қатысты.

Жарыс қорытындысы бойынша бас жүлдені Бәйтерек ауданы Үлкен Шаған жалпы орта білім беретін мектебінің оқушысы Сабина Жақсығали иеленді.

185470608_854012618791207_3960990661785839848_n

Байқау жүлдегерлері облыстық білім басқармасының І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен және алғыс хаттарымен марапатталды.

Батыс Қазақстан облысының

білім басқармасының баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале