20.12.2018, 15:15
Оқылды: 37

Оралда оқушылардың тұңғыш облыстық форумы өтті

Орал қаласындағы Оқушылар және жастар сарайында «Ақ Жайық жас дарыны – 2018» атты облыстық форум ұйымдастырылды.

oqushilar (10)

Облысымызда алғаш рет өткен форумда халықаралық, республикалық олимпиадалардың, ғылыми жобалар конкурстарының және спорттық жарыстардың жеңімпаздары бас қосты.

Форумда облыстық онкологиялық диспансер директорының медициналық істер жөніндегі орынбасары Нұрлан Төлемісов және жеке кәсіпкер Ұлан Балдахов сияқты «Болашақ» стипендиясының иегерлері, облысымыздың әр саласында жемісті еңбек етіп жүрген білімді де іскер азаматтар оқушылармен кездесіп, өздерінің табысқа жету сырларымен бөлісті.
Ал түстен кейін облыс әкімі Алтай Көлгінов форум қатысушылары мен олардың жетекшілерін Орал қаласындағы салтанат сарайында салтанатты түрде марапаттады.
– Баршаңызды Тәуелсіздік мерекесімен құттықтаймын! Бүгін дарынды оқушыларымызды шабыттандырып, ұстаздардың еңбегін бағалау үшін басқосып отырмыз. Елбасымыздың бастамасымен мемлекетімізде білімнің, спорттың, мәдениеттің және өнердің дамуына барлық жағдай жасалған. Жыл қорытындысы бойынша өңіріміздің айтарлықтай жетістіктері бар. Мектептер салынып, жаңа спорт кешендері ашылып, мәдениет ошақтары бой көтеруде. Мұның барлығы келер ұрпақ, яғни алдымызда отырған бүлдіршіндер үшін жасалуда. 2017-2018 оқу жылында облысымызда жеті жаңа мектеп салынды. Білім ұяларына заманауи құрал-жабдықтар орнатылып, жас мұғалімдер жұмысқа шақырылуда. Мемлекеттің білімге деген қамқорлығы өз нәтижесін көрсетіп келеді. Жыл қорытындысы бойынша республикалық олимпиадаларда алдыңғы орындардан көрінген оқушыларымыз баршылық. Тіпті халықаралық олимпиадаларда да жүлделі орындарға қол жеткіздік. Әрине, бұл – ізденіп оқығанның нәтижесі, мұғалімдердің еңбегі және ата-аналардың тәрбиесі. Жаһандану заманында бәсекелестік күшейіп келеді. Сондықтан болашақта білікті маман иелері болып, еліміздің дамуына үлкен үлестеріңізді қосасыздар деп сенемін, – деді Алтай Сейдірұлы.
Алғысхаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталған мектеп оқушылары, олардың жетекшілері және бірқатар мектеп директоры облыс басшысына алғыстарын жеткізді.

oqushilar (2) oqushilar (9) oqushilar (12) oqushilar (13)

oqushilar (1)

oqushilar (3) oqushilar (4) oqushilar (5) oqushilar (6) oqushilar (7) oqushilar (11)

Айым   ТӨЛЕУҒАЛИ,

суреттерді түсірген Рафхат Халелов

© zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале