17.09.2021, 16:48
Оқылды: 228

Оралда пойыз қағып кеткен ер адам көз жұмды

Орал қаласында пойыз қағып кеткен ер адам көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

п1
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға бүгін сағат 14.40-та 4- шағынауданда болды.

Пойыз қағып кеткен ер адам алған жарақаттары салдарынан жедел жәрдем келгенге дейін қайтыс болды.

ҚР ІІМ Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі аталған деректің Орал станциясындағы желілік полиция бөлімінің сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде ҚР ҚК 344-бабы 2-бөлігіне (абайсызда адам өліміне әкеп соққан теміржол көлігі қозғалысының қауіпсіздік қағидаларын бұзу) сәйкес тіркелгенін хабарлады.

Қазіргі кезде тергеу амалдары жүргізілуде. Бұл іс бойынша басқа ақпарат ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабының талаптарына сәйкес тергеу мүддесіне орай жариялауға жатпайды.

inform.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале